Қала әкімі Азамат Бекет 2025 жылға арналған облыс орталығының бюджеті 144 млрд. теңге көлемінде бекітілгенін мәлімдеді. Бұл қаражат қаланы дамытуға, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, «Алтын Орда» шағын ауданында, «Бауырластар-1, 4», «Ясный-2», «Ақжар-2» тұрғын алаптарында, төменгі Құрайлы және басқа да бірқатар тұрғын алапта автомобиль жолдарын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Кірпішті шағын ауданындағы Елек өзені арқылы өтетін көпір қайта жаңартылады. «Ақжар Плюс», «Сазда-3», «Рауан-2» тұрғын алаптарында газ құбыры, Шилісай-1,-2, Парасат, Думан және басқа да алаптарда су құбыры желілері салынады. Биылғы жылы «Рауан-2», «Сазда-3», «Сарбаз-2», «Есет батыр», «Оңтүстік-Батыс-2», «Жаңақоныс-4» тұрғын алаптарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жоспарланған. 50 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға қаражат бөлінді.
«Облыс орталығында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Биыл құны 21,4 миллиард теңгені құрайтын рельсті дәнекерлеу зауытының құрылысы басталады. «ПЗТМ LTD» ЖШС зауытына ауданы 3,5 гектар жер телімі бөлінді. Тағы бір стратегиялық маңызды жоба – Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай ауданында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру. 858 гектар аумақта біз заманауи өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыруды жоспарлап отырмыз. Құрылысты аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру қаламыздың инвестициялық тартымдылығын едәуір арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.», - деді Азамат Бекет.
Сондай-ақ, қала әкімі облыс орталығында демеушілік қаражат есебінен А.Пушкин атындағы саябақты қайта құру және Кірпішті шағын ауданында «Алтын бесік» глэмпингін салу жоспарланып отырғанын айтты. Автовокзал маңындағы аумақты абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленуде. Биыл Тәуелсіздік даңғылы бойындағы аллея мен «Қоныс» саябағының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Аким города Азамат Бекет сообщил, что бюджет областного центра на 2025 год утвержден в размере 144 млрд. тенге. Эти средства будут направлены на развитие города, модернизацию инфраструктуры и повышение качества жизни населения. В частности, планируется строительство автомобильных дорог в микрорайоне «Алтын Орда», в жилых массивах «Бауырластар-1, 4», «Ясный-2», «Акжар-2», Нижние Курайли и ряде других массивах. Предстоит также реконструкция моста через реку Илек в районе Кирпичного. Будет проложен газопровод в жилых массивах «Акжар Плюс», «Сазда-3», «Рауан-2», водопроводные сети – в Шилисае -1, 2, Парасате, Думане и ряде других массивах. На этот год намечено строительство сетей электроснабжения в жилых массивах «Рауан-2», «Сазда-3», «Сарбаз-2», «Есет батыра», «Юго-Запад-2», «Жанаконыс-4». Выделены средства на благоустройство 50 дворов многоэтажных жилых домов.
«В областном центре реализуются значимые инвестиционные проекты. В этом году начнется строительство рельсосварочного завода стоимостью 21,4 миллиарда тенге. Под завод ТОО «ПЗТМ LTD» был выделен земельный участок площадью 3,5 гектара. Еще один стратегически важный проект – создание специальной экономической зоны «Актобе» в районе Международного аэропорта имени Алии Молдагуловой. На территории 858 гектаров мы планируем разместить современные промышленные предприятия. Завершение строительства запланировано на 2026 год. Реализация этого проекта позволит значительно повысить инвестиционную привлекательность нашего города и создать новые рабочие места», - сказал Азамат Бекет.
Аким города также рассказал, что в областном центре планируют за счет спонсорских средств реконструировать парк имени А.Пушкина и построить глэмпинг «Алтын бесік» в районе Кирпичного на горе Влюбленных. Разрабатывается эскизный проект благоустройства территории возле автовокзала. В этом году также планируют завершить строительство аллеи по проспекту Тәуелсіздік и парка «Коныс».
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi