Әлеуметтік нысандардың құрылысы – бақылауда Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбеде салынып жатқан өрт сөндіру депосы, «Жайлы мектеп» және №49 мектепке жапсарлас салынған ғимараттың құрылыс барысын қарап шықты. Ақтөбе қаласының Есет батыр тұрғын алабында ІІ типтегі өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Өңір басшысы жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты. Аумағы 1,5 га жерді алып жатқан өрт сөндіру бөлімі шаһардың шеткі бөлігін қорғауға ыңғайлы. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аударылған. Ғимаратта әкімшілік корпус, 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, санитарлық тораптар, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, газ-түтіннен қорғау қызметіне арналған арнайы жаттығу бөлмесі қарастырылған. Құрылысы 2019 жылы басталған нысан биылғы жылы пайдалануға берілуі жоспарланған. Мердігер компания - «Бабэк Құрылыс».
Строительство социальных объектов - на контроле Аким области Асхат Шахаров ознакомился с ходом строительства пожарного депо в Актобе, «Комфортной школы» и пристройки к школе № 49. В микрорайоне Есет батыр города Актобе строится пожарное депо II типа, рассчитанное на четыре машины. Глава региона проверил соответствие нового корпуса здания нормативному акту. Пожарная часть занимает площадь в 1,5 га и удобно расположена для охраны жилого сектора на окраине города. Поэтому при составлении проектно-сметной документации именно этой особенности было уделено основное внимание. В здании предусмотрены административный корпус, диспетчерская, комната отдыха, пост охраны, столовая, санитарные станции, приемная, актовый зал, складские помещения, специальный учебный зал по службам газодымозащиты. Объект, строительство которого началось в 2019 году, планируется сдать в эксплуатацию в этом году. Подрядчиком выступает компания «Бабэк Құрылыс».
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi