Облыс әкімі Асхат Шахаров көктемгі далалық жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастырып, кідіріссіз және үзіліссіз өткізуді тапсырды.
«Егіс науқаны - агромаусымдағы маңызды кезеңдердің бірі. Жұмыстың үйлесімді және уақытылы ұйымдастырылуы егіннің бітік шығуына, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейіне тікелей әсер етеді. Сондықтан біздің міндетіміз - барлық деңгейде жұмысты жүйелі болуын қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ерекше назар аудару қажет. Дайындық пайызына ғана емес, сонымен қатар арнайы техниканың заманауи талаптарға қаншалықты сәйкес келетініне де қарау керек. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы басқармасының тұрақты бақылауында болуы тиіс. Сондай-ақ, егіс науқанының барысын үнемі қадағалап отыруды тапсырамын. Шаруашылықтарға уақытында көмектесу, туындаған барлық сұрақтарға жедел әрекет ету. Үзілістер және бюрократиялық кідірістер болмауы керек. Жұмыс нақты және мерзімінде жүргізілуі тиіс»,- деді облыс әкімі.
Аким области Асхат Шахаров поручил провести весенне-полевую кампанию организованно, без задержек и срывов.
«Посевная кампания - один из важнейших этапов агросезона. От того, насколько слаженно и своевременно пройдут работы, зависит и будущий урожай, и продовольственная стабильность в регионе. Поэтому наша задача обеспечить организованную и системную работу на всех уровнях. Особое внимание необходимо уделить обновлению сельскохозяйственной техники. Надо смотреть не только на процент готовности, но и на то, насколько спецтехника соответствует современным требованиям. Этот вопрос должен находиться на постоянном контроле у управления сельского хозяйства. Также поручаю регулярно контролировать ход посевной кампании. Вовремя помогать хозяйствам, оперативно реагировать на все возникающие вопросы. Не должно быть сбоев, срывов и бюрократических проволочек. Работа должна идти четко и в срок», - подчеркнул аким.
Источник. @emergovkz