Облыс әкімі ақтөбелік ғалымдармен Ұлттық құрылтайда берілген Президент тапсырмаларын іске асыру жолдарын талқылады Ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті. Іс-шара Қазақстанда 12 сәуірде атап өтілетін ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орайластырылды. Ұйымдастырушылар – облыстық әкімдік пен өңірлік университет. Кеңес жұмысына оның төрағасы облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, жетекші ғалымдар, университет оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты.
«Кеңес отырысы – өңір үшін маңызды және тарихи қадам»,- деді облыс әкімі. Ол өңірдің орнықты дамуы үшін ғылымның маңыздылығын айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі ғылымды дамытуға қатысты Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмаларын еске салды.
«Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті – озық ойлы ұлтқа айналу. Оған білім мен ғылымды дамытпай, қол жеткізу мүмкін емес. Ақтөбе облысы – тек қана Батыс Қазақстанның индустриалдық және экономикалық орталығы ғана емес, сондай-ақ жоғары әлеуеті бар интеллектуалдық хаб. Облысымызда мұнай, тау-кен өндірісі және металлургия салалары дамыған, сондай-ақ күшті бейінді және көпсалалы университеттер жұмыс істейді. Өңірде Ғылым кеңесінің құрылуы — академиялық ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған қадам, нақты ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс алаңы болуы керек», - деп атап өтті Асхат Шахаров. Ол сондай-ақ кеңес аясында өнеркәсіп, университеттер, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы диалог үшін жағдайлар жасалатынын айтты. Облыс әкімі пилоттық жобаларды іске асыруға және жаңа идеяларды енгізуге белсенді көмектесуге дайын екендігін жеткізді.
Аким области обсудил с актюбинскими учеными пути реализации поручений Президента, данных на Национальном курултае Первое заседание Совета по науке прошло в Актюбинском региональном университете имени К. Жубанова. Мероприятие было приурочено к празднованию Дня работников науки, который в Казахстане отмечается 12 апреля. Организаторами выступили областной акимат и региональный университет. В работе Совета принял участие аким области Асхат Шахаров, который является его председателем, а также руководители предприятий, предприниматели, ведущие ученые, преподаватели университета и молодые исследователи. Заседание Совета стало важным и историческим шагом для региона, о чем в своем выступлении отметил аким области. Он подчеркнул значимость науки для устойчивого развития региона и напомнил о поручениях, данных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым на четвертом заседании Национального курултая, касающимся развития науки в стране.
«Задача, поставленная Главой государства - стать нацией с передовым мышлением. Достигнуть этого невозможно без развития образования и науки. Актюбинская область не только индустриальный и экономический центр Западного Казахстана, но и интеллектуальный хаб с высоким потенциалом. В регионе развиты нефтяная, горнодобывающая и металлургическая отрасли, а также работают многопрофильные университеты. Создание Совета науки - это шаг, направленный на укрепление связи между академической наукой и производством, который должен стать рабочей платформой для разработки конкретных предложений», - подчеркнул Асхат Шахаров. Он также добавил, что в рамках Совета будут создаваться условия для диалога между промышленностью, университетами, бизнесом и общественными организациями. Аким области заверил, что они готовы активно помогать в реализации пилотных проектов и внедрении новых идей.
Источник.@emergovkz