Облыс әкімі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандардың рухына тағзым етті Ақтөбе облысында 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар өтуде. Өңір басшысы Асхат Шахаров Ақтөбедегі «Мәңгілік алау» меморалдық кешені және Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Батырлар алаңын аралап, майдангерлердің ұрпақтарымен жүздесті, мерекемен құттықтады. Ескерткіштердің алдына жиналған мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала тұрғындары да соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, Жеңіс күнінде Әлия Молдағұлова бюсті, «Зеңбірек» ескерткіші және «Бауырластар зиратында» ақтөбеліктер гүл шоқтарын қойып, Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алды. 9 мамырға арналған концерттік бағдарламалар кешкі сағат 19.00-ден 21.00 аралығында «Мәңгілік Алау» алаңында, Әлия Молдағұлова мемориалдық кешенінде, сондай-ақ Есет батыр, Сазды, Құрайлы және Нокин тұрғын үй алаптарында өтеді.
Аким области почтил память солдат, погибших в годы Великой Отечественной войны В Актюбинской области проходят мероприятия, посвященные 9 мая – Дню Победы. Глава региона Асхат Шахаров возложил цветы к Обелиску Славы («Вечный огонь») и Мемориальному комплексу Алии Молдагуловой в Актобе и почтил память солдат, погибших в годы Великой Отечественной войны. Пройдя по Аллее Героев, встретился с их потомками и поздравил их с праздником. Представители государственных органов и военных ведомств, правоохранительных органов, жители города, пришедшие с утра к памятникам, минутой молчания почтили память фронтовиков и ветеранов войны и торжественно возложили цветы у основания мемориалов. В День Победы церемонии возложения цветов прошли также у памятника Алии Молдагуловой, памятника-обелиска «Пушка» и на «Братской могиле», где актюбинцы почтили память фронтовиков, отдавших свою жизнь за Родину. Вечером ко Дню Победы в Актобе пройдут концертные программы: с 19:00 до 21:00 на площади перед «Вечным огнем», перед Мемориальным комплексом Алии Молдагуловой, а также в микрорайоне «Есет батыр», жилых массивах «Сазды», «Курайли» и «Кенеса Нокина».
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi