Облыс әкімі «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында болды «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы ел Президентінің тапсырмасы бойынша психологиялық қызметті дамыту, сондай-ақ балаларға, жасөспірімдерге және олардың отбасыларына жан-жақты психологиялық көмек көрсету мақсатында ашылды. Мекемеге барған облыс әкімі Асхат Шахаров орталықты аралап, осындағы қызметкерлермен және жасөспірімдермен әңгімелесіп, жұмыс барысында қолданылатын әдістемелік құралдармен танысты. Бүгінгі күні өзекті мәселе саналатын кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингке қатысты қабылдануы тиіс оңтайлы шешімдерді талқылады. Бүгінде орталықтағы «Жан сыры» кабинеттерінде жеке және топтық консультациялар тұрақты өткізілуде. Орталық қызметкерлері семинарлар мен жеке консультациялар өткізу арқылы әлеуметтік және отбасылық дағдарыстарды азайту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін ұйымдастырылған 87 семинар-практикум өткізілді, оған 7219 ата-ана қатысты, жалпы 9 240 ата-ана психологиялық қолдау алды, ал 851 ата-ана «Жан сыры» кабинетінде жеке консультациядан өтті. Сонымен қатар, «JAN AHUAL» орталығы арқылы психологиялық қызметтің есебі жүргізіліп, жүйелендіретін және мұғалімдерге мобильді көмек көрсететін бірыңғай электронды журнал енгізілген. Өңір мектептерінде қызмет ететін 497 педагог-психологтың біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ кешенді әдістемелік қолдау да осы орталық арқылы жүзеге асады.
Аким области посетил Центр психологической поддержки «JAN AHUAL» Центр психологической поддержки «JAN AHUAL» был открыт по поручению Президента страны с целью развития психологической службы и оказания всесторонней психологической помощи детям, подросткам и их семьям. В ходе посещения учреждения аким области Асхат Шахаров осмотрел центр, поговорил с сотрудниками и подростками, а также ознакомился с методическими материалами, используемыми в работе. Актуальной проблемой дня являются ауторазрушительное поведение среди несовершеннолетних и буллинг, и во время встречи были обсуждены оптимальные решения, направленные на их предотвращение. На сегодняшний день в кабинетах «Жан сыры» центра регулярно проводятся индивидуальные и групповые консультации. Сотрудники центра активно работают по снижению социальных и семейных кризисов, проводя семинары и индивидуальные консультации. За время работы центра было проведено 87 семинаров-практикумов, в которых приняли участие 7 219 родителей, в общем 9 240 родителей получили психологическую поддержку, а 851 родитель также прошел индивидуальную консультацию в кабинете «Жан сыры». Кроме того, через центр «JAN AHUAL» ведется учет психологических услуг, внедрен единый электронный журнал, который систематизирует данные и предоставляет мобильную помощь учителям. Повышение квалификации 497 педагогов-психологов, работающих в школьных учреждениях региона, а также комплексная методическая поддержка также осуществляется через этот центр.
Источник.http://@aqtobe_oblysy_akimdigi