Аким области провел заседание комиссии

Облыс әкімі комиссия отырысын өткізді Ведомствоаралық комиссия отырысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтар мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Шара облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтті. Өз кезегінде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірхан Ермағанбетов жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Басқарма жастардың қатысуымен түрлі рейдтер, заң сағаттары, спорттық жарыстар, жиналыстар ұйымдастырады. Жыл басынан бері барлығы 120 818 жастың қатысуымен 682 іс-шара өткізілген. «Jastarga – kenes» жобаларын іскеасыру аясында оқу орындарында «Ұрпақ және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылып, «ESIRTKIGE JOL JOQ», «TAZA ORTA!», «ALAYAQ.NET»есірткі сатумен байланысты хабарландыруларды жою бойынша рейдтер жүргізілуде. «Заң және тәртіп» және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқандары аясында оқу орындарында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін полицейлермен кездесулер ұйымдастырылуда. Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетовтің ақпараты бойынша, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, жастармен профилактикалық жұмысты және ата-аналардың бақылауын күшейту керек.  Баяндамашыларды тыңдаған өңір басшысы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін мобильді топтардың жұмысын жандандыруды, әйелдер мен балалардың құқықтары туралы халықты хабардар етуді, аудандарда отбасын қолдау орталықтарын ашу мәселесін шешуді, 2025 жылы отбасылық құндылықтар және гендерлік теңдік жөніндегі жобаны қаржыландыруды қарауды тапсырды.  Сондай-ақ, Асхат Шахаров жастар арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді жауаптыларға міндеттеді.

«Біз жастарды өз құқықтары мен міндеттерітуралы хабардар етіп, оларды спорттық секцияларға, клубтарға және спорттық іс-шараларға тартуға ерекше назар аударуымыз керек. Ұйымдастырылмаған бос уақыт - бұл біз азайтуға міндетті тәуекел. Денсаулық сақтау, білім және спорт басқармаларына нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл жұмысты күшейту қажет, өйткені жастардың денсаулығы – біздің қоғам болашағының басты факторы. Халықтың қауіпсіздігі үшін қоғамдық орындарда «Цифрлық Қазақстан»бағдарламасы аясында қоғамдық орындарда және тұрғын үйлердің аулаларында бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камераларын орнату қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттырады»,- деп облыс әкімі алға қойылған міндеттердің маңыздылығын атап өтті.

Аким области провел заседание комиссии Вопросы профилактики правонарушений среди молодежи и насилия в семье рассмотрели на заседании межведомственной комиссии. Мероприятие прошло под председательством акима области Асхата Шахарова. В свою очередь руководитель управления по вопросам молодежной политики Актюбинской области Мирхан Ермаганбетов рассказал о проводимой работе с молодежью. Так, управлением организуются различные рейды, юридические часы, спортивные соревнования, собрания с участием молодежи. Всего с начала года проведено 682 мероприятия с участием 120 818 молодых людей. В рамках реализации проектов «Jastarga - kenes» организованы встречи на тему «Поколение и национальные ценности» в учебных заведениях, в рамках проектов «ESIRTKIGE JOL JOQ», «TAZA ORTA!», «ALAYAQ.NET» проводятся рейды по уничтожению объявлений, связанных с продажей наркотиков. В рамках кампаний «Закон и порядок» и «16 дней против насилия» в учебных учреждениях организуются встречи с полицейскими для повышения правовой грамотности молодежи. По информации первого заместителя начальника департамента полиции Актюбинской области Арданы Саймагамбетова, необходимо уделять особое внимание социальной поддержке малообеспеченных Семей. Также требуется усилить профилактическую работу с молодежью и контроль со стороны родителей.  Заслушав выступающих, глава региона поручил активизировать работу мобильных групп для оказания помощи семьям, попавшим в сложную жизненную ситуацию, проводить информирование населения о правах женщин и детей, решить вопрос по открытию центров поддержки семьи в районах, рассмотреть финансирование проекта по семейным ценностям и гендерному равенству в 2025 году.  Также Асхат Шахаров поручил усилить работу по профилактике преступности и наркомании среди молодежи.

«Мы должны уделить особое внимание информированию молодежи о правах и обязанностях, а также вовлечению их в секции, клубы и спортивные мероприятия. Неорганизованное свободное время - это риск, который мы обязаны минимизировать. Управлениям здравоохранения, образования и спорта поручаю проработать вопрос увеличения финансирования мероприятий, направленных на профилактику наркомании. Эта работа требует усиления, поскольку здоровье молодежи является ключевым фактором будущего нашего общества. Для безопасности населения в общественных местах в рамках программы «Цифровой Казахстан» нужно установить камеры видеонаблюдения с функцией распознавания лиц в общественных местах и дворах жилых домов. Это повысит безопасность наших граждан»,- подчеркнул аким важность поставленных задач.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 222
Категория: 
�����