Облыс әкімі инвесторлармен кездесті Облыс әкімі халықаралық инвесторлар делегациясымен, атап айтқанда, «GCL (Group) Holding Limited» компаниясының директоры және вице-президенті Ван Мин, Бейжің төмен температура ғылыми-технологиялық компаниясының президенті Гао Джинлин, «Shenneng Environment» компаниясының президенті Тан Синлянмен кездесу өткізді. Басқосуда өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерімен өңірді дамыту бағытындағы стратегиялық, «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасы аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады. Кездесудің негізгі тақырыптарының қатарында энергетика, экология, креативті индустрия және инновациялық технологиялар салалары болды.
«Біздің өңірге қызығушылық танытып, арнайы сапармен келгендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Еліміздің батыс аймағында ірі өнеркәсіп компанияларының қатысуымен бірқатар индустриялық жобалар тиімді жүзеге асырылуда. Біз креативті индустрия бағытындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз,- деді Асхат Шахаров. Кездесу барысында өндіріс саласындағы қауіпсіздік мәселелеріне және өңірдің экологиялық сын-қатерлерімен күресу үшін жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды. Инвесторлар делегациясы креативті индустрияны дамыту жобаларына қатысуға және жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған стартаптарды қолдауға қызығушылық білдірді. Олар сондай-ақ өндірістік және басқару процестерінің тиімділігін арттыру үшін қолдануға болатын бірқатар технологиялық шешімдерді ұсынды. Аймақ басшысы инвестициялық жобаны қолдау, инфрақұрылым мәселесін шешу, қолайлы аумақты таңдау бойынша мемлекет және жергілікті билік тарапынан қажетті шаралар қабылданатынын айтты. Кездесу барысында жобаларды егжей-тегжейлі пысықтау және ынтымақтастықты дамыту бағытында жұмыс тобын құру туралы келісім жасалды.
Аким области встретился с международными инвесторами Аким области провел встречу с делегацией международных инвесторов, включая директора и вице-президента компании «GCL (Group) Holding Limited» Вань Мина, президента Пекинской научно-технологической компании низких температур Гао Джинлина, а также президента компании «Shenneng Environment» Тань Синляня. В ходе встречи обсуждались стратегические планы развития региона в рамках международного проекта «Один пояс, один путь» и реализации совместных инвестиционных проектов. Основные темы встречи касались энергетики, экологии, креативной индустрии и инновационных технологий.
«Добро пожаловать в Актюбинскую область! Мы благодарны вам за интерес к нашему региону и за ваше специальное посещение. В западной части нашей страны успешно реализуются крупные промышленные проекты с участием ведущих компаний. Мы заинтересованы в реализации новых проектов в направлении креативной индустрии»,- заявил Асхат Шахаров. Во время встречи было уделено особое внимание вопросам безопасности производств и разработке новых технологических решений для борьбы с экологическими проблемами региона. Делегация инвесторов выразила интерес к участию в проектах развития креативной индустрии и поддержке стартапов, направленных на эффективное использование местных ресурсов. Они также предложили ряд технологических решений для повышения эффективности производственных и управленческих процессов. Аким области подтвердил, что власти примут необходимые меры для поддержки инвестиционного проекта, решения инфраструктурных вопросов и выбора подходящей территории. В ходе встречи было достигнуто соглашение о создании рабочей группы для детального изучения проектов и развития сотрудничества.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi