Он кун ішінде автобус жүргізушілерінің 700-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды.
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Шара аясында полиция қызметкерлері автобус жүргізушілерін тексерді. Олардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына, көлікті техникалық байқаудан өткізуіне ерекше көңіл бөлінді.
Жедел шараның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерімен 700-ден астам автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды, оның ішінде маневр жасау ережелерін бұзудың 76, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 52 дерегі, көлік құралдарын басқару кезінде смартфонды пайдаланған 75 автобус жүргізушісі анықталды.
Сондай-ақ, такси жүргізушілерімен жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 10 дерегі анықталды. Бұдан басқа, көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты тұлғалардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларының талаптарын орындамағаны үшін бес лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
За десять дней пресечено более 700 нарушений ПДД допущенных водителями автобусов.
В целях повышения транспортной дисциплины среди водителей и снижения количества дорожно-транспортных происшествий, а также профилактики нарушений Правил дорожного движения с 21 февраля по 2 марта т.г. на территории Актюбинской области проведено оперативно-профилактическое мероприятие «Автобус».
В рамках мероприятия сотрудники полиции проверяли водителей автобусов. Особое внимание уделялось соблюдению ими правил дорожного движения, проведению технического осмотра транспорта.
По результатам проведения ОПМ сотрудниками полиции пресечено более 700 нарушений, допущенных водителями пассажирского автотранспорта, из них 76 нарушений правил маневрирования, 52 факта превышения установленной скорости движения, 75 водителей автобусов пользовались смартфоном при управление транспортными средствами.
Также выявлено 10 фактов нелегальной перевозки пассажиров водителями такси. Кроме того, за невыполнение лицами, ответственных за техническое состояние и эксплуатацию транспортных средств, требований, установленных правил обеспечения безопасности дорожного движения привлечено пять должностных лиц.
Источник.