Ақтөбеде алты көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Ағымдағы жылдың 9 наурызында сағат 00:55 шамасында Ә.Молдағұлова мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысында "Toyota" жол талғамайтын көлігінің 49 жастағы жүргізушісі "KIA" автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолдың бір жолағында тұрған 6 автокөлікке зақым келген.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден төрт адам жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылған. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі 2020 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Облыстық ПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Осы баптың санкциясы 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасын көздейді.
Авария с участием шести автомашин произошла в Актобе.
9 марта т.г. примерно в 00:55 часов на пересечении пр.А.Молдагуловой и Абулхаир хана 49-летний водитель внедорожника «Toyota» допустил столкновение с автомашиной «KIA». В результате ДТП повреждено 6 автомашин, стоящих на одной полосе дороги.
С места ДТП четверо человек с ушибами доставлены в БСМП, где после оказания медицинской помощи отпущены. Установлено, что водитель внедорожника в 2020 году за управление транспортным средством в алкогольном опьянении был лишен права управления транспортным средством на 7 лет.
Управлением дознания ДП области проводится досудебное расследование по ст. 346 ч.2 УК РК, по которой водителю грозит лишение свободы сроком от 4 до 6 лет с пожизненным лишением права управления транспортными средствами.
Источник.