Ақтөбеде полицейлер 40 кг марихуана тәркіледі

Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, Сүт зауыты ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 32 жастағы жүргізушінің басқаруымен Mercedes Benz автокөлік тоқтатылды.

Тінту барысында көліктің жүк салғышынан салмағы 12 кг-нан асатын есірткі заты бар полиэтилен пакет табылды.

Сондай-ақ жалдамалы пәтерде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік затының ішінен ақ түсті 2 қап тәркіленді.

Сараптама актісінің қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 40 кг-нан асатын марихуана есірткі екені белгілі болды.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Күдікті қамауға алынды.

Источник: t.me/POLICE_of_KZ/7854

Просмотров: 212
Категория: 
�����