Ақтөбелік полицейлер «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын өткізу фактілерінің жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 24-27 наурыз аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Нәтижесінде полиция бөлімдеріне 204 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 200 жасөспірім сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған, 9 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ПБ есебіне 53 жасөспірім және 37 қолайсыз отбасы қойылды.
Актюбинские полицейские подвели итоги ОПМ «Подросток».
В целях профилактики подростковой преступности, пресечения фактов нахождения несовершеннолетних в ночное время без сопровождения законных представителей в развлекательных заведениях и вне жилища, а также реализации несовершеннолетним алкогольных напитков, табачных изделий, с 24 по 27 марта текущего года на территории области было проведено оперативно-профилактическое мероприятие «Подросток».
В ходе реализации запланированных мероприятий инспекторами ювенальной полиции организованы рейдовые отработки во дворах, парках и местах массового скопления молодежи, развлекательных заведениях.
По итогам ОПМ в ОП доставлено 204 несовершеннолетних, 200 подростков находились вне жилища с 23.00 до 06.00 часов без сопровождения законных представителей, 14 родителей привлечены к административной ответственности за невыполнение обязанностей по воспитанию несовершеннолетних детей.
На учет ОП поставлено 53 подростков и 37 неблагополучных семей.