Ақтөбеліктер алаяқтардың қулықтарына түсуді жалғастыруда
Полицияға бірден бірнеше қала тұрғыны арызданды, олар өздерінің сенгіштігінің салдарынан ақшаларынан айырылған.
48 жастағы ер адам өзін "банктің қауіпсіздік қызметкері" ретінде таныстырған алаяққа сеніп, оның нұсқауларын орындап, банктік шот нөмірін берген. Осыдан кейін алаяқ жәбірленушінің шотынан 1 млн. теңге шешіп алған.
Сол схема бойынша алаяқтар 47 жастағы әйелді де алдап, оған 5 млн теңгеге несие рәсімдеген.
Полицейлер тағы да тұрғындарды «банк қызметкерлерінің» қоңырауларына сенбеуге және алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтерін бермеуге шақырады.
Қазіргі уақытта полиция барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, қажетті тергеу іс-қимылдары кешені жүргізілуде.
Актюбинцы продолжают попадаться на уловки мошенников
В полицию обратились сразу несколько жителей города, которые лишились денег по собственной доверчивости.
48-летний мужчина, поверив псевдосотруднику банка, выполнил указания «сотрудника безопасности банка» и дал номер банковского счета. После чего мошенник снял со счета доверчивого мужчины 1 млн. тенге.
По такой же схеме, мошенники обманули 47-ми летнюю женщину, на которую оформили кредит на 5 млн тенге.
Полицейские в очередной раз призывают жителей не доверять звонкам от якобы сотрудников банков и не давать свои персональные данные, чтобы не стать жертвой мошенников.
В настоящее время по всем фактам полицией начато досудебное расследование по статье 190 УК РК "Мошенничество", ведется комплекс необходимых следственных действий.