Ақтөбеліктер онлайн сауда алаңдарында алаяқтарға алдануды жалғастыруда
Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлерінің бірі онлайн сауда платформасын пайдаланып жасалған алаяқтықтар болып отыр. Бұл ретте, қаскүнемдер тегін жарнама қосымшаларына кіре отырып, белгілі бір затты сатуға қойған адамдарды табады. Әрі қарай хабарландыру иесіне хабарласып, «ақша аудару үшін» жеке деректемелерін айтуын сұрайды. Нәтижесінде, алаяқтар сатушының банктік шоттарынан ақшаларын иеленеді.
Алаяқтар көбіне, «ОЛХ.кз», «Колеса.кз», «Крыша.кз» сияқты танымал қосымшаларды пайдаланады. Мысалы, жуырда алаяқтар осындай жолмен 2 ақтөбеліктің ақшасын заңсыз иеленген.
5 қарашада студент қыз «ОЛХ.кз» қосымшасына күздік етік сататыны туралы хабарлама орналастырған. Хабарлама бойынша оған «Ватсап» мессенджері арқылы белгісіз адам хабарласып, тауарды сатып алатынын айтқан. Әрі қарай «сатып алушы» ақшаны алдын ала онлайн түрде аудару үшін телефонға келген СМС кодты айтқызып, нәтижесінде ақтөбеліктің банктік шотынан 68 мың теңгеден астам қаражатын иеленген.
Осы күні дәл осындай жолмен алаяқтар «Колеса.кз» қосымшасы арқылы автокөлік дөңгелегін сатпақ болған 21 жасар ақтөбеліктің банктік шотынан 38 мың теңгесін иеленген. Мұнда да алаяқтар дөңгелектердің ақшасын банктік картасына алдын ала аударатынын айтып алдап, сатушы жігіттің банктік картасының деректемелері мен СVV кодын иелену арқылы шотындағы ақшасына қол жеткізген.
Алаяқтық деректері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлағаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Ақтөбе облысының полиция департаменті жеке деректеріңізді, карта нөмірлері мен СVV-кодтарды, телефоныңызға келген СМС кодтарды бөгде адамдарға бермеу керектігін тағы да ескертеді. Онлайн сауда платформаларында тауарға алдын ала төлем жасамауға тырысыңыз, сондай-ақ, тауарға алдын ала төлем аударатынын айтып, жеке деректемелерінің мен кодтарды сұрағандардан сақ болыңыз. Мұндай деректерді бөгде адамдарға мүлде бермеңіз!
Актюбинцы продолжают попадаться на уловки мошенников на площадках онлайн торговли
В настоящее время одним из наиболее распространенных видов интернет-мошенничеств являются мошенничества, совершенные с использованием площадок онлайн-торговли. При этом злоумышленники, используя популярные приложения, находят людей, которые разместили объявление о продаже какого либо товара. Далее злоумышленники под видом покупателя, через мессенджер связываются с продавцом и просят сообщить их свои персональные данные, якобы для перевода полной предоплаты за товар. В результате, завладев данными, мошенники снимают денежные средства с банковских счетов граждан.
Для своих преступных деяний мошенники часто использует известные приложения, как "ОЛХ.кз", " Колеса.кз", " Крыша.кз" и др.
Так, 5 ноября 20-летняя студентка в приложении «ОЛХ.кз" разместила объявление о продаже осенних сапог. По объявлению, с ней через мессенджер связался неизвестный и сообщил, что хочет купить товар. Далее «покупатель» убедил девушку, что для перевода полной предоплаты покупки на ее банковский счет, необходимо озвучить СМС-код, пришедший на ее телефон. В результате, завладев личными данными актюбинки, мошенники сняли 68 тысяч тенге с ее банковского счета.
По такой же схеме мошенники обманули 21-летнего актюбинца, который через приложение «Колеса.кз" хотел продать автомобильные колеса. Зломышленники, под видом покупателя убедив продавца, якобы для перевода ему денег за товар, узнали номер банковской карты, СVV-код и сняли с его счета 38 тысяч тенге.
По фактам мошенничества возбуждено уголовное дело по части 2 статьи 190 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Проводятся оперативно-розыскные мероприятия, направленные на установление подозреваемых лиц.
Департамент полиции Актюбинской области еще раз предупреждает граждан, не передавать посторонним лицам личные данные, реквизиты банковских карт, СVV-коды, также СМС-коды, поступившие на ваш телефон. Старайтесь не вносить предоплату за товар на платформах онлайн-торговли, а также остерегайтесь тех, кто просит личные данные, реквизиты и коды банковских карт, под предлогом перевода денег за товар.