Актюбинская область стала лидером по строительству новых школ

Ақтөбе облысы жаңа мектептердің құрылысы бойынша алдыңғы орында  Ақтөбе өңіріндегі оқу орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы мектеп мәселесін шешу және үшауысымды мектептер санын азайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Білім беру нысандарының қажеттілігінің ұлғаюы себепті облыста 2023-2025 жылдар аралығында 44 мектеп салу көзделген. Олардың бесеуі апатты жағдайдағы мектептің орнына, тоғызы - үшауысымды мектеп мәселесін шешуге, 21 мектеп - орын тапшылығын жою үшін салынуы тиіс болған.  2023 жылы 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде ең ауқымдысы - «Алтын орда» шағын ауданында бой көтерген 2620 орынға арналған Bilimsmart мектебі. Қазіргі уақытта мектеп 5233 баланың білім алуына жағдай туғызып отыр. Сонымен қатар, №14 және №12 мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында қосымша құрылыс салынды.  Алға ауданы Маржанбұлақ елді мекенінде орта метептің ашылуы орын тапшылығы мәселесін шешті.  Биыл жоспарға сәйкес, 12 мектеп пайдалануға берілуі тиіс, олардың алтауы бүгінде оқушыларға есігін ашып үлгерді, келесі алтауының құрылысы аяқталуға жақын, жыл соңына дейін халық игілігіне берілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Есет батыр-3 тұрғын алабында 2000 балаға арналған және Ақжар-2 тұрғын алабында 300 орындық мектеп бой көтеріп жатыр. Бұл мектептер оқу ғимараттарының тапшылығын жойып қана қоймай, оқушылардың жайлы ортада білім алуын қамтамасыз ететін болады. 20-дан аса мектептің құрылысы 2025 жылға ауыстырылды.

Актюбинская область стала лидером по строительству новых школ.  В Актюбинской области интенсивно ведется работа по решению проблемы дефицита ученических мест и сокращения числа школ с трехсменным обучением.  В связи с увеличением потребности в образовательных учреждениях в период с 2023 по 2025 годы в регионе планируется построить 44 школы. Пять из них должны быть построены вместо аварийных школ, девять – для решения проблемы переуплотненности, 21 – для устранения вопроса дефицита мест.  В 2023 году сдано в эксплуатацию 5 школ. Самая большая из них – школа Bilimsmart на 2620 мест, построенная в микрорайоне «Алтын Орда». В настоящее время в школе обучаются 5233 учащихся. Кроме того, для устранения дефицита мест в школах №14 и №12 были построены пристройки к ним.  Открытие средней школы в селе Маржанбулак Алгинского района также решило проблему нехватки мест.  В этом году по плану должны быть сданы в эксплуатацию 12 школ, в шести из них уже проводится обучение, остальные планируется сдать к концу года.  В рамках нацпроекта «Комфортная школа», инициированного Главой государства, в микрорайоне Есет батыр-3 строится школа на 2000 мест, а в жилом массиве «Акжар-2» — школа на 300 мест. С их вводом не только решится проблема дефицита школ в данных массивах, но и для учащихся создадут комфортные условия обучения.  Строительство более 20 школ перенесено на 2025 год.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 105
Категория: 
�����