Актюбинские полицейские переоделись в новую форму.

Ақтөбелік полицейлер жаңа формаға ауысты.

ЖПҚБ алаңында ПД бастығы Абай Жусуповтың қатысуымен жеке құрамның саптық байқауы өтті.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында цифрлық инновацияларды енгізу және дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Өзгеріс енгізудің келесі қадамдарының бірі -  полиция қызметкерлерінің жаңа форма түріне ауысуы. Тәртіп сақшылары үшін жаңа форманы әзірлеу – Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы пункттерінің бірі. Әртүрлі климаттық жағдайларда қызмет атқаратын тәртіп сақшыларының талап-тілектерін ескеріп, сондай-ақ әлемдік тәжірибені зерделей отырып, полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы және жайлы форма үлгісін жасау ойластырылды. Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар мен кокардалар тоқыма матаға ауыстырылды. Сонымен қатар, жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыратын силуэттегі шағылысатын элементтерге ерекше назар аударылады.

Байқау барысында басшылық қызметкерлердің саптық дайындығы және киім-кешекпен қамтамасыз етілуі тексерілді.

"Жаңа форма бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Ең бастысы, бұл өте ыңғайлы. Учаскелік полиция инспекторы мен патрульдік полиция қызметкері халықпен тығыз жұмыс істейді, құқық бұзушылықтардың алдын алумен айналысады. Формада түнгі уақытта қызметкерлерді алыстан байқау үшін арнайы шағылысатын элементтері бар. Өйткені, көбінесе тексеру кезінде полицей жолдың қауіпті учаскесінде болады, ал бұл элементтер қауіпсіздік деңгейін арттырады. Мұның бәрі жаңа нысанда қарастырылған", - деп атап өтті Абай Жусупов.

Бүгінгі таңда патрульдік полиция қызметкерлері 100% нысанды киіммен жабдықталған, ал қалған полиция қызметкерлері форманың келу уақытына қарай қамтамасыз етіледі.

Актюбинские полицейские переоделись в новую форму.

На плацу УМПС ДП области состоялся строевой смотр личного состава с участием начальника Департамента Абая Жусупова.

В рамках концепции «Слышащего государства» проводится планомерная работа по внедрению и развитию цифровых инноваций. Один из следующих шагов к изменениям стал переход сотрудников на новую форму одежды. Разработка новой формы для стражей порядка – один из пунктов Дорожной карты по модернизации органов внутренних дел. Основной акцент сделан на создание максимально удобной и комфортной для полицейских одежды с учетом пожеланий сотрудников, несущих службу в различных климатических условиях, а также изучением мирового опыта. Металлические изделия – жетоны, эмблемы, звезды и кокарды заменены на текстильные. При этом особое внимание уделено светоотражающим элементам по всему силуэту, что увеличивает уровень безопасности на дороге.

В ходе смотра руководство проверило готовность сотрудников к службе, строевую подготовку и обеспеченность обмундированием.

«Новая форма заметно отличается от предыдущей. Главное, что она очень комфортная и удобная для несения службы. Участковый инспектор и патрульный полицейский тесно работают с населением, занимаются профилактикой и выявлением правонарушений. В ней предусмотрено много отражающих элементов по всему силуэту, чтобы в ночное время было видно сотрудников издалека. Ведь зачастую при осмотре места полицейский находится на опасном участке дороги, а эти элементы увеличивают уровень безопасности. В новой форме это все предусмотрено», – отметил Абай Жусупов.

На сегодня сотрудники патрульной полиции и участковые инспектора полиции оснащены форменным обмундированием на 100%, а остальные сотрудники полиции будут обеспечены новой формой по мере поступления.

 

 

 

Просмотров: 196
Категория: 
�����