Ақтөбе полицейлері азаматтарды өздерінің қарт туыстарын телефон алаяқтары туралы ескертуге шақырады
Полицейлердің ескертулеріне қарамастан, егде жастағы адамдардың алаяқтардың құрбанына айналу жағдайы жиі орын алуда.
Мысалы, 23 қыркүйекте сағат 00.10 шамасында 84 жастағы зейнеткердің үй телефонына белгісіз әйел қоңырау шалып, өзін адвокат ретінде таныстырып және оның қызы жол апатының қатысушысы болғанын, оның кінәсінен адамдар зардап шеккенін хабарлаған. «Адвокат» зардап шеккендерді емдеу және қызын жауапқа тартпау үшін қариядан 9 млн теңге талап еткен және ақшаны алып кетуге жас жігіт келетінін ескерткен.
Зейнеткер келген курьерге 4 млн 700 мың теңге берген.
Жәбірленуші алаяқтардың құрбаны болғанын кейінірек қызына қоңырау шалғаннан кейін біліп, полицияға жүгінген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қоңырауларға сенбеуге, эмоцияларға берілмеуге, жақын туыстарының деректерін айтпауға, қарт азаматтарды алаяқтықтың мұндай түрлері туралы ескертуге шақырамыз.
Актюбинские полицейские призывают граждан предупредить пожилых родственников о телефонных мошенниках
Не смотря на предупреждения полицейских, продолжают иметь место мошенничества жертвами которых становятся люди пожилого возраста.
К примеру, 23 сентября т.г. примерно в 00.10 часов на домашний телефон 84-летней пенсионерке позвонила неизвестная женщина, представилась адвокатом и сообщила, что ее дочь стала участником ДТП, в котором по ее вине пострадали люди. Для лечения и не привлечения дочери к ответственности потребовали 9 млн тенге за которыми придет молодой человек.
Пенсионерка передала 4 млн 700 тысяч тенге курьеру, который пришел.
Потерпевшая узнала, что стала жертвой мошенников, когда позже созвонилась с дочерью и обратилась в полицию.
По данному факту начато досудебное расследование по ст.190 УК РК «Мошенничество» и проводятся оперативные мероприятия, направленные на установление и задержание подозреваемых лиц.
Призываем граждан быть осторожными и не доверять сомнительным звонкам, не поддаваться эмоциям, не называть данные своих близких родственников, предупредить пожилых граждан о таких видах мошенничества.