Ақтөбелік полицейлер бейнекамералардың көмегімен пәтер ұрысын ұстады
2023 жылдың шілде айының соңында белгісіз тұлға Ақтөбе қаласындағы жер үйлердің біріне терезе арқылы кіріп, бірнеше алтын бұйымдар мен ноутбукті ұрлаған. 59 жастағы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты.
Осы дерек бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнекамералардың жазбалары мұқият тексеріліп, күдіктінің таксиге мінгені және қаладағы ломбардтардың біріне барып, ұрланған алтын бұйымдарды тапсырғаны анықталды.
Жедел шаралар барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның бұрын пәтер ұрлықтары үшін сотталған 37 жастағы БҚО тұрғыны екені белгілі болды. Осы қылмысты жасағаннан кейін ол Орал қаласына бой тасалаған.
БҚО полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар барысында тамыз айында күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізілуде.
Актюбинские полицейские с помощью видеокамер задержали квартирного вора
В конце июля текущего года в городе Актобе неизвестное лицо путем отжима окна незаконна проникнув в жилой дом, тайно похитило несколько золотых изделий и ноутбук. Сумма ущерба, причиненный к 59-летнему актюбинцу составил более 1 миллиона тенге.
По данному факту в ходе оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками криминальной полиции были отработаны наружные камеры видеонаблюдения, где при просмотре записей было установлено, что подозреваемый уехал на такси и посетил один из ломбардов города, где сдал похищенные золотые изделия.
В ходе оперативных мероприятий была установлена личность подозреваемого, им оказался 37-летний житель ЗКО, неоднократно судимый за квартирные кражи. После совершения преступления он отправился в г.Уральск.
В ходе проведенных совместно с сотрудниками полиции ЗКО мероприятий, в августе текущего года подозреваемый был задержан и водворен в изолятор временного содержания УП г. Актобе.
По данному факту возбуждено уголовное дело по ч. 3 ст. 188 УК РК (кража). Вещественные доказательства изъяты. Ведется досудебное расследование.