Актюбинские полицейские задержали велосипедных воров

Ақтөбе полицейлері велосипед ұрлығымен айналысқандарды ұстады

21 қыркүйекте таңғы мезгілде белгісіз тұлғалар Ақтөбе қаласы Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында тұрған, осы үйдің тұрғындарының біріне тиесілі велосипедті жасырын ұрлап кеткен. Велосипед есік алдындағы темір қоршауға құлыппен бекітілген, бірақ бұл да ұрылардың қылмыстық пиғылын жүзеге асыруына кедергі бола алмаған.  Бұл туралы полиция бөліміне 25 жастағы велосипед иесіне арызданып, келтірілген залал көлемін 40 мың теңгеге бағалады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бейнебақылау камералары жазбаларының көмегімен екі ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олар 44 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын және 22 жастағы колледж студенті болып шықты. Тергеп- тексеру барысында ұсталғандар осы ұрлықты жасағаннан кейін, кешкі уақытта Әбілқайыр хан даңғылы мен Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің алдынан тағы екі велосипедті ұрлағаны анықталды. Бұл екі жағдайда да велосипед иелері мүлкін далада кіреберістің алдында қалдырып, есік алдындағы темір қоршауларға арнайы құлыппен бекіткен.

Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған велосипедтердің барлығы тәркіленді. Күдіктілер оларды жеке пайда табу мақсатында ұрлағандарын мойындады. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Талдау көрсетіп отырғандай, велосипед ұрлығы көбіне оларды қараусыз қалдыру салдарынан орын алады. Осыған байланысты, полиция қызметкерлері велосипедті далада және кіреберістерде қалдырмау туралы ескертеді.  Бұл қылмыскерлер үшін оңай олжаға айналуы мүмкін.  Велосипед иелерін  қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға және  өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға шақырамыз.

Актюбинские полицейские задержали велосипедных воров

21 сентября ранним утром неизвестные лица находясь перед подъездом многоэтажного дома по улице Братьев Жубановых г.Актобе, путем свободного доступа тайно похитили велосипед, принадлежащий одному из жителей этого дома. Велосипед был прикреплен к трубе палисадника с помощью противоугонного замка, однако это не помешало злоумышленникам совершить кражу.

По данному факту в городской отдел полиции обратился 25-летний горожанин, который оценил причиненный ему ущерб на 40 тысяч тенге.

Сотрудниками полиции в ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий, с помощью записей камер видеонаблюдения были установлены и доставлены в отдел полиции двое мужчин.  Ими оказались 44-летний безработный местный житель и 22-летний студент колледжа.  Также, в ходе досудебного расследования было установлено, что подозреваемые после совершения указанной кражи, поздно вечером похитили еще два велосипеда перед многоэтажными домами, расположенными по проспекту Абулхаир хана и улице К.Сатпаева.  В обоих случаях владельцы велосипедов оставили свое имущество перед подъездом, прикрепленными к трубе детской площадки противоугонным замком. 

По факту кражи возбуждено уголовное дело по части 1 статьи 188 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Похищенные велосипеды изъяты. Подозреваемые признались, что украли велосипед с целью личной выгоды. Проводятся следственные действия.

Анализ показывает, что кража велосипедов часто происходит из-за халатности к его хранению. В связи с этим, сотрудники полиции призывает граждан не оставлять велосипед на улице перед подъездами. Это может стать легкой добычей для преступников. Призываем владельцев велосипедов соблюдать элементарные правила безопасности и принимать все необходимые меры для сохранения своего имущества.

Просмотров: 158
Категория: 
�����