Актюбинский участковый вывез из подтопленных домов десятки людей и животных

Ақтөбелік учаскелік инспектор  су басқан аумақтардан ондаған адам мен жануарларды  арқалап шығарған

Өңірде көктемгі су тасқыны басталған алғашқы күннен бері Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторы Нұрхат Сәлімгереев тұрғындарды құтқару жұмыстарына белсенді қатысқан.  Алғашқы екі тәулікте ол тасқын суды белшесінен кешіп,  ондаған адамды қауіпті аумақтардан алып шықса, бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін де күн сайын су басқан аумақтарға барып патрульдеумен айналысуда.

Қалада қауіп басталған 26 наурыз күні таңғы мезгілден бастап ол қаладағы «Кривое озеро» ауданындағы саяжай алаптарына барып, таңға дейін су басқан үйлерден бірнеше адамды қайыққа отырғызып, өзі қайықты сүйреп алып шыққан. Үйлердің бірінде су қоршауында қалған итті де байқап, қалдырмай құтқарып алған. Келесі күні ол су басқан «Новостройка-2» саяжай алабын аралап жүріп, су басқан үйде қалған әкелі-балалы азаматтарды анықтап, сулы аумақтан арқалап шығарған. Су басқан аулада байлаулы қалған тұрған итті де босатып, көтеріп алып шыққан.

Адамдар мен жануарларды арқалап та, көтеріп те, қайыққа салып сүйреп те алып шығып жатқан учаскелік инспектордың әрекеттерін тұрғындар мен әріптестері ұялы телефонға түсіріп алып, батыл полицейдің бейнежазбасы  әлеуметтік желілерде тез тарады.

«Біздің  әкімшілік аумағымыз, негізінен саяжай алаптары болғандықтан, су тасқынына көп ұшырады. Адам шығының болмағаны үшін өте қуаныштымын. Қазіргі таңда олардың мүлкінің қауіпсіз болуы үшін күнде осында келіп аумақтарды аралап шығамын» - дейді полиция аға лейтенанты Нұрхат Сәлімгереев. 

 

Актюбинский участковый вывез из подтопленных домов десятки людей и животных

С первых дней начала паводка, участковый инспектор полиции города Актобе Нурхат Салимгереев принимает активное участие в спасательных работах.  Первые два дня он вывозил семьями людей из подтопленных домов. А после завершения эвакуационных работ ежедневно обходит и патрулирует затопленные талыми водами дома и участки.

Утром 26 марта, когда в городе началась противопаводковые  работы, Нурхат одним из первых  направился в дачные массивы, расположенные в районе «Кривое озеро». Участковый до рассвета вместе с коллегами эвакуировал на лодках людей из затопленных домов, причём сам же тянул лодку. Той же ночью в одном из домов он заметил и спас собаку, которая оказалась в водном плену. На следующий день Нурхат Салимгереев проехал по сильно затопленному дачному массиву "Новостройка-2",  где из залитого водой дома, вынес на спине мужчину и его сына. Также им была спасена собака, которая была привязана во дворе.

Действия отважного участкового инспектора полиции, который выручал людей и животных, засняли на мобильный телефон местные жители и его коллеги. В результате запись  быстро распространилась в социальных сетях.

"Наш административный участок, - это в основном дачные массивы -  сильно пострадал от паводка. Я очень рад, что обошлось без человеческих потерь.  Свою работу люблю. Сейчас, к счастью, люди находятся в безопасном месте, однако мы, для обеспечения сохранности  имущества граждан, продолжаем патрулирование», - говорит скромный полицейский Нурхат Салимгереев.

Просмотров: 192
Категория: 
�����