Амангалий Бердалин встретился с сельхозпроизводителями Актюбинской области

Аманғали Бердалин Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті   Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин өңірге жұмыс сапарымен келді. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовпен бірге ауыл шаруашылығы өндірушілері және ветеринарлармен бірқатар кездесу өткізді. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, фермерлерді қолдау және көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.  

«Біз сіздермен егіс науқанына дайындықтың маңызды кезеңінде кездесіп отырмыз. Елдің экономикалық дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігі көп жағдайда өнімге байланысты. Сондықтан аграрлық кешенге сұраныс жоғары, бірақ мемлекет тарапынан мүмкіндіктер де жеткілікті деңгейде жасалып жатыр. Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы саласы рекордтық өнім жинап, ел экономикасында жетекші орынға шықты. Биыл да көктемгі егіс және жинау жұмыстарына жеңілдетілген қаржыландыру жалғасады. Оның көлемі 700 млрд теңгеге дейін артады. Қазірдің өзінде 3183 ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 240 млрд теңге қаржы берілді, оның ішінде Ақтөбе облысында 31 фермер 2,4 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды», – деді ол.    2024 жылы кепілзат тапшылығы мәселесі шешіліп, алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына арналған несиенің 85%-ына дейін кепілдік беретін арнайы бағдарлама енгізілді.    Фермерлерді қолдаудың тағы бір маңызды құралы – жеңілдетілген лизинг. Биыл оның көлемі 200 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 5% «таза» мөлшерлемемен берілуде. Қазіргі уақытта 95,9 млрд теңгеге 2806 өтінім түссе, Ақтөбе облысы бойынша 3,7 млрд теңгеге 243 өтінім қабылданған.    Аманғали Бердалин кездесуге қатысушыларды мал шаруашылығы мен өңдеуді дамытуға шақырды.   

Амангалий Бердалин встретился с сельхозпроизводителями Актюбинской области     Заместитель министра сельского хозяйства Амангалий Бердалин посетил регион с рабочим визитом. Вместе с заместителем акима Актюбинской области Галымжаном Елеуовым он провёл ряд встреч с сельскохозяйственными производителями и ветеринарами.   Вице-министр сельского хозяйства посетил Актюбинскую область, где провел ряд встреч с сельхозпроизводителями, ветеринарами. Были обсуждены вопросы развития агропромышленного комплекса, поддержки фермеров и подготовки к весенне-полевым работам.  

«Мы встречаемся с вами в ответственный период подготовки к посевной. Экономическое развитие и доступность продовольствия во многом зависят от урожая, поэтому спрос с аграрного комплекса большой, но и возможностей создается достаточно. В прошлом году собран один из рекордных урожаев, это позволило отрасли сельского хозяйства занять лидирующее положение среди отраслей экономики. В текущем году льготное финансирование ВПиУР продолжено. Объемы его будут увеличены до 700 млрд тенге. Уже профинансировано 3183 СХТП на сумму 240 млрд. тенге, по Актюбинской области выдано льготных кредитов 31 фермеру на сумму 2,4 млрд. тенге», - сказал он.  В прошлом году решена проблема нехватки залогов, впервые внедрена специальная программа гарантирования 85% от суммы займа на ВПР.    Другим не менее важным инструментом поддержки фермеров является льготный лизинг, в текущем году объем финансирования увеличен до 200 млрд тенге под «чистые» 5%. Уже поступило 2806 заявок на сумму 95,9 млрд. тенге. По Актюбинской области - 243 заявки на сумму 3,7 млрд. тенге.    Амангалий Бердалин призвал участников встречи развивать животноводство и переработку.

Источник @emergovkz

Просмотров: 115
Категория: 
АктобеИнфо