Асхат Шахаров дал ряд поручений руководству «Энергосистемы»

Асхат Шахаров «Энергосистема» басшылығына бірқатар тапсырма берді 2004 жылы құрылған мекеме бүгінде 255 мыңнан астам тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Серіктестіктің құрамында 174 қосалқы станция, 13 900 шақырымнан асатын әуе және 340 шақырымға жуық кабельдік желі, 2370 қуат трансформаторы бар.

«Қысқа дайындық қарқынды түрде жүріп жатыр, атап айтқанда, қосалқы станцияларды, электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл 609 миллион теңге бөлініп, оның 200 миллион теңгесі, яғни 30 пайыздан астамы игерілді. Жоспарға сәйкес, 1 қыркүйекке дейін барлық жұмыс аяқталады. Бұл ретте инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда, жалпы мөлшері 5 миллиард теңгеге жуық қаржыға жобалар жоспарланған. Бүгінде инвестициялық бағдарлама бойынша құны миллиард теңгені құрайтын ең ірі жоба – қаламыздағы «Сельмаш» ауданындағы қосалқы стансаға күрделі жөндеу жүргізу жобасы. Бұл жерде трансформаторлар толығымен ауыстырылады. Электр қуаты өшетін болса, әлеуметтік желілердегі парақшалар, сондай-ақ ресми сайтымыз арқылы тұрғындарды алдын-ала хабардар етеміз. Стансада диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді»,— дейді «Энергосистема» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Рүстем Арыстанов. Оның сөзінше, биыл су тасқыны кезінде қаладағы көптеген желілер зақымданып, құлаған. Қазір тасқынның салдарын жою жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар кәсіпорын жоспар бойынша 4 мың ескі электр бағанасын жаңасына ауыстыруы тиіс. «Энергосистема» ЖШС басшылығын тыңдаған облыс әкімі желідегі апатты жағдайды азайту үшін бұл көрсеткішті арттыруды тапсырды. Жұмысты мерзімінен кешіктірмей, тезірек атқару керектігін қадап айтты.

Асхат Шахаров дал ряд поручений руководству «Энергосистемы» ТОО «Энергосистема», созданная в 2004 году, сегодня обеспечивает электроэнергией больше 255 тысяч жителей региона. По словам и.о. генерального директора предприятия Рустема Арыстанова, имеется 174 подстанции, свыше 13 900 км воздушных и почти 340 км кабельных линий, 2370 силовых трансформаторов.

«Серьезными темпами идет подготовка к зиме, в частности, ремонт подстанций, линий электропередач и т.д. В этом году выделено 609 миллионов тенге, из них 200 миллионов тенге, или чуть больше 30% освоено. Как положено, к 1 сентября мы завершим работы. Параллельно выполняется инвестиционная программа, запланированы проекты на общую сумму почти пять миллиардов тенге. Самый крупный объект по инвестпрограмме, стоимостью около миллиарда тенге – капитальный ремонт подстанции на Сельмаше, где полностью заменим оборудование. По отключениям электричества жителей заранее оповестим через социальные сети, наш сайт, также круглосуточно работает диспетчерская служба»,- заявил и.о.гендиректора ТОО. Он отметил, что во время паводка многие опоры были повреждены, упали. Ликвидация последствий почти завершилась. Кроме того, по плану предприятие должно заменить четыре тысячи старых столбов электропередач на новые. Однако аким области, заслушав руководство «Энергосистемы», поручил увеличить этот показатель, чтобы минимизировать число аварий на линиях. И выполнить работу нужно в ближайшее время, не затягивая сроков.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 187
Категория: 
�����