Асхат Шахаров: «Жосықсыз мердігерлерге қатаң жаза қолданылады» Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірде әлеуметтік нысандарды салумен айналысып жүрген компаниялардың басшыларымен кездесіп, құрылыс жобаларының аяқталу мерзімдерін талқылады. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев баяндамасында құрылысы ұзаққа созылған проблемалық нысандарға назар аударды. Атап айтқанда, Байғанин ауданының Оймауыт ауылындағы 150 орындық мектеп-балабақша, Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы мектеп, Ақтөбедегі №51 мектеп-гимназиясының қоймасы, Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы бассейн, Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы ангар типтегі спорт кешені және Шалқардағы фитнес-орталық. Отырыс барысында өңір басшысы проблемалық объектілерді салып жатқан әр мердігерден жұмыстардың кешеуілдеу себептерін сұрады. Облыс әкімі «ARS BUILDING» ЖШС жұмысын қатты сынға алды. Компания 2021 жылы Қандыағаш қаласындағы Самал ықшам ауданында 600 орындық мектеп салу туралы жауапкершілік алған. Жоба бойынша жұмыстардың құны – 2,5 млрд. теңге. Арада үш жыл өтсе де, нәтиже көңіл көншітпейді. Мектеп әлі қолданысқа берілген жоқ. Айтып өтейік, былтыр Мұғалжар ауданына барған жұмыс сапарында Асхат Шахаров мердігермен кездескен еді, ол осы 2024 оқу жылында білім ордасын тапсыру туралы уәдесін берді.
«Сіздермен 2023 жылдан бері бірнеше рет кездестік. Биыл мектептің құрылысын аяқтауға уәде бердіңіз. Жыл өтті, ештеңе өзгерген жоқ. Нысанның құрылысы әлі аяқталмады»,- деді әкім мердігерге.
Асхат Шахаров: «К недобросовестным подрядчикам примут жесткие меры наказания» Глава региона Асхат Шахаров встретился с руководителями компаний, которые строят социальные объекты в области, чтобы обсудить с ними сроки завершения работ. Руководитель управления строительства, архитектуры и градостроительства Ержан Муздыбаев акцентировал внимание на проблемных объектах, строительство которых затянулось. Речь зашла о школе-детсаде на 150 мест в селе Оймауыт Байганинского района, школе в Кандыагаше Мугалжарского района, складском помещении для школы-гимназии № 51 в Актобе, бассейне в селе Шубаркудык Темирского района, спорткомплексе ангарного типа в селе Айке Айтекебийского района и фитнес-центре в Шалкаре. Глава региона спрашивал застройщиков о причинах несдачи объекта в указанные сроки. Аким области раскритиковал работу ТОО «ARS BUILDING». Компания заключила договор на строительство школы на 600 мест в мкрн. Самал в Кандыагаше еще в 2021 году. Стоимость работ по проекту составила почти 2,5 млрд. тенге. Но по прошествии трех лет школа так и не сдана. Во время рабочей поездки в Мугалжарский район в прошлом году Асхат Шахаров встречался с подрядчиком, и тот пообещал сдать учебное учреждение в этом 2024 учебном году.
«Я с Вами в прошлом году еще разговаривал. Вы обещали сдать школу в этом году. Год прошел, ничего не изменилось. Объект так и не достроен»,- заметил подрядчику аким.
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi