Асхат Шахаров побывал в эвакуационном пункте в Иргизе

Асхат Шахаров Ырғыздағы эвакуациялық пунктке барды  Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров су тасқыны қаупіне байланысты жағдаймен танысу үшін Ырғыз ауданына ұшып келіп, №1 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Мұнда 49 адам орналастырылған. Облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде эвакуациялау шарасы қауіптің алдын алу мақсатында атқарылғанын жеткізді. Ауылдарда қандай да бір су басу қаупі орын алса, барлық күш құралдары әзір. Ал зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек беріледі.

«Ырғыз ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипатқа ие төтенше жағдай режімі жарияланды. Ең бастысы - сіздердің амандықтарыңыз. Ауылдан көшіру себебін білесіздер. Торғай өзенінің деңгейі көтерілді. Бөгеттер нығайтылып, барлық күш жұмылдырылды. Азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттардың барлығы беріледі»,- деді Асхат Шахаров тұрғындармен кездесуінде.  Айтып өтейік, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен аудан орталығына тәуекел аймағында тұрған Мамыр және Нұра ауылдарының барлығы 80 адамы көшірілді. Ауыл тұрғындарын қабылдау үшін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №1 және №2 орта мектептері, «Жігер» спорт кешені эвакуациялық орталық ретінде ұйымдастырылды. Пункттер қажетті заттармен жабдықталды.

 

Асхат Шахаров побывал в эвакуационном пункте в Иргизе  Сегодня глава региона Асхат Шахаров вылетел в Иргизский район для ознакомления с ситуацией, связанной с угрозой подтопления, и посетил эвакуационный пункт в средней школе №1. Здесь разместились 49 человек. Аким области на встрече с жителями объяснил им, что эвакуация была предпринята в целях безопасности населения. На случай возникновения угрозы затопления сел, мобилизованы все силы и спецтехника. Пострадавшим жителям будет оказана соответствующая помощь.

«В Иргизском районе объявлена чрезвычайная ситуация природного характера местного масштаба. И самое важное для нас – ваше самочувствие. Здесь вас обеспечат продуктами питания и предметами первой необходимости. Эвакуация была необходимой мерой. Уровень воды в реке Торгай поднялся. Дамбы были укреплены, и все силы сейчас мобилизованы в двух населенных пунктах»,- сказал Асхат Шахаров на встрече с сельчанами.  Вертолетом Министерства обороны РК из сел Мамыр и Нура в райцентр были доставлены 80 человек. Эвакуационные пункты открыли в средней школе имени И. Алтынсарина, школах № 1 и 2, спортивном комплексе «Жигер». Пункты оснастили всем необходимым инвентарем.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 163
Категория: 
�����