Асхат Шахаров Қарғалы ауданында шаруалармен кездесті Өңір басшысы Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Қарғалы ауданына барды. Сапар аясында облыс әкімі ауданның шаруа қожалығы жетекшілерімен кездесіп, мемлекеттік қолдаумен алынған ауылшаруашылығы техникаларын қарады. «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты. Қарғалы ауданы далалық егіс жұмыстарын толық аяқтады. Биыл диқандар мен шаруалар 151 мың гектар жерге дәнді (116,8 мың га), майлы (12,2 мың га), мал азығы (21 мың га) және бақша дақылдарын, картоп пен көкөністі жоспарға сәйкес еккен. Алдағы науқаннан күтері көп. Велихов ауылындағы кездесуде диқандар облыс әкімінен күзге қарай бидайды сақтау мәселесіне көңіл аударуды алдын ала сұрады. Асхат Шахаров бұл мәселені бақылауға алатынын, күзгі науқанға қарай олармен тағы бір рет кездесіп, пысықтайтынын қадап айтты.
Асхат Шахаров встретился с аграриями Каргалинского района Глава региона Асхат Шахаров с рабочей поездкой посетил Каргалинский район. Там аким области встретился с главами крестьянских хозяйств района и осмотрел сельхозтехнику, купленную при господдержке. Также он ознакомился с реализацией программы «Ауыл аманаты». В Каргалинском районе полностью завершена посевная. На 151 тысяче га земли аграрии засеяли зерновые (116,8 тыс. га), масленичные культуры (12,2 тыс. га), кормовые (21 тыс. га), а также посадили овощи и картофель. В этом году все ждут большого урожая. На встрече с жителями в селе Велиховка аграрии попросили акима области помочь им осенью с хранением собранной пшеницы. Асхат Шахаров заверил, что возьмет этот вопрос на контроль и еще раз встретится с ними осенью перед уборочной кампанией.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi