Асхат Шахаров встретился с инвесторами, заинтересованными в строительстве цементного завода в Актюбинской области

Асхат Шахаров Ақтөбе облысында цемент зауытын салуға ынталы инвесторлармен кездесті    Зауыт жылына 1,3 млн тонна цемент өндіреді деген жоспар бар.    Жобаны қазақстандық компания  «Primus Capital» ЖШС Қытай Халық Республикасының инвестициялық серіктесі – Sinoma Cement International қатысуымен іске асыруда.   Облыс әкімі Асхат Шахаров цемент зауытының құрылыс жобасының жетекшісі Хан Жаньи және «Primus Capital» ЖШС Бас директоры Сапарбек Тұяқбаевпен кездесіп, құрылыс жұмыстары мен өндірістің әлеуетін талқылады.   

«Бұл зауыт жергілікті нарықты сапалы цементпен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құруға және Ақтөбе өңірінің құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосады. Зауытты іске қосу кезінде 360 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Жобаны іске асыру қосымша инвестициялар тартады және облысымыздың экономикалық өсуіне ықпал етеді деп күтілуде»,- деп атап өтті Асхат Шахаров.   Қазіргі уақытта тек Ақтау қаласында қуаттылығы жылына 800 мың тоннаны құрайтын, Германияның Heidelberg компаниясына тиесілі бір ғана цемент зауыты жұмыс істейді. Аталған зауыт тек Маңғыстау облысының қажеттілігін өтеп отыр. Ал еліміздің өзге батыс өңірлері тауарды Ресей мен Ираннан импорттайды. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа аймақтарынан жеткізіледі.   Ақтөбе облысында зауыт салу батыс өңірлердің цемент импортына тәуелділігін жойып қана қоймай, Орынбор, Самара облыстары және Башқұртстан Республикасы сияқты Ресей Федерациясының шекара маңы нарығына шығуға мүмкіндік береді.   Айта кету керек, 2023 жылы Қазақстанда портландцемент өндірісі 12,15 млн тоннаны құрады, бұл шамамен 2022 жылғы деңгейге (12,1 млн тонна) сәйкес келеді. Сонымен қатар, цемент импорты 2022 жылғы 859,8 мың тоннадан 2023 жылы 725,4 мың тоннаға дейін қысқарды. Қазақстандық цемент экспорты 1,05-тен 1,17 млн тоннаға дейін ұлғайды, бұл сыртқы нарықтағы сұраныстың өсуін айғақтайды. Жалпы, Қазақстанның цемент саласы экспорттық позицияларды нығайтуға және импортқа тәуелділікті біртіндеп төмендетуге баса назар аудара отырып, тұрақтылықты көрсетуде.   Цемент зауыты Байғанин ауданының аумағында салынуы мүмкін. Инвестиция көлемі 95,7 млрд теңгені (200 млн АҚШ доллары) құрайды. Сонымен қатар, 70%-ы қытайлық серіктестің қатысуымен. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. ҚМЖ басталуы 2025 жылғы сәуірге, ал зауытты пайдалануға беру 2026 жылғы шілдеге жоспарланған.    Инвесторлармен кездесу барысында тараптар жобаның негізгі аспектілерін, оның қаржылық параметрлерін, іске асыру мерзімдерін және өңір экономикасына әлеуетті әсерін қарастырды.   Облыс әкімі бұл кәсіпорынның жергілікті құрылыс саласы үшін маңыздылығын атап өтіп, жобаны табысты іске асыру үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Инвесторлар өз кезегінде алдағы жоспарлары және күтілетін нәтижелермен бөлісті. Зауыт жылына 1,3 миллион тонна цемент өндірмек, бұл аймақтағы сапалы құрылыс материалының қолжетімділігін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

Асхат Шахаров встретился с инвесторами, заинтересованными в строительстве цементного завода в Актюбинской области    Завод будет выпускать 1,3 млн тонн цемента в год.   Проект реализуется казахстанской компанией ТОО «Primus Capital» при участии инвестиционного партнера из Китайской Народной Республики – Sinoma Cement International.   Аким области Асхат Шахаров встретился с руководителем проекта строительства цементного завода Хан Жаньи и гендиректором ТОО «Primus Capital» Сапарбеком Туякбаевым и обсудил потенциал строительных работ и производства.  

«Этот завод станет значительным вкладом в развитие строительной отрасли Актюбинского региона, обеспечивая местный рынок качественным цементом и создавая новые рабочие места. Так, при запуске завода планируется трудоустроить 360 человек. Ожидается, что реализация проекта также привлечет дополнительные инвестиции и будет способствовать экономическому росту нашей области»,- отметил Асхат Шахаров на встрече с инвесторами. Уникальность проекта заключается в том, что в западных регионах страны в настоящее время действует только один цементный завод в г. Актау мощностью 800 тыс. тонн в год, принадлежащий германской компании Heidelberg. Завод покрывает только потребности Мангистауской области, в связи с чем потребности западных регионов в цементе покрываются за счет импорта из России и Ирана, а также поставок из других регионов Казахстана. Строительство завода в Актюбинской области позволит не только снять зависимость западных регионов от импорта цемента, но и выйти на такие приграничные рынки РФ, как Оренбургская, Самарская области и Республика Башкортостан.   Стоит отметить, что в 2023 году производство портландцемента в Казахстане составило 12,15 млн тонн, что примерно соответствует уровню 2022 года (12,1 млн тонн). В то же время импорт цемента сократился с 859,8 тыс. тонн в 2022 году до 725,4 тыс. тонн в 2023 году. Экспорт казахстанского цемента увеличился с 1,05 до 1,17 млн тонн, что подтверждает рост спроса на внешних рынках. В целом, цементная отрасль Казахстана демонстрирует стабильность с акцентом на укрепление экспортных позиций и постепенное снижение зависимости от импорта.   Цементный завод будут строить на территории Байганинского района. Объем инвестиций составил 95,7 млрд тенге (200 млн долларов США). Причем, 70% с участием китайского партнера. На данный момент ведется разработка ПСД. Начало СМР запланировано на апрель 2025 года, а ввод в эксплуатацию завода – июль 2026 года.   В ходе встречи с инвесторами стороны рассмотрели ключевые аспекты проекта, включая его финансовые параметры, сроки реализации и потенциальное влияние на экономику региона.   Аким области подчеркнул важность этого предприятия для местной строительной отрасли и выразил готовность оказать необходимую поддержку для успешной реализации проекта. Инвесторы, в свою очередь, поделились своими планами и ожиданиями, отметив, что завод будет производить 1,3 миллиона тонн цемента в год, что существенно увеличит доступность качественного строительного материала в регионе.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 206
Категория: 
�����