Қарғалы өзені жағасынан 25 тонна қоқыс жиналды Бірқатар мемлекеттік мекеме, кәсіпорын және жастар ұйымдарынан жиналған 300-ге жуық адам шашылған қоқысты теріп, арнайы полигонға жөнелтті. Қарғалы – қала аумағындағы үлкен өзендердің бірі. Оның бойында шомылатын орын көп. Сол себепті демалушылардан тыным жоқ. Бүгінгі акция аясында мұнда 25 тонна көлемінде қоқыс жиналды. Дәл осындай экологиялық шаралар бұған дейін Елек, Сазды өзендері мен Ақтөбе су қоймасының маңында өткен. Күлзипаш Бөлекбаева, қала тұрғыны: - Қаланың ішінде отырған соң тазалық керек. Мысалы, тазалықты ұстаймыз дегендер өздері талап ету керек. Баланы үйде тазалыққа үйрету керек. Қолына түскен нәрсе болса, оны жәшікке салу керек, далаға тастамау керек. Оның өзі де тазалық қой.
Нұржан Шаңғытбаев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы: - Бұған дейін біздер «Таза қала – таза жағалау» экологиялық акциямызда 300-ге жуық тонна қоқысты қала полигонына жіберген едік. Қазіргі таңда осындай акциялар арқылы қоршаған ортаны, табиғатымызды аялауды насихаттап келеміз.
Берег реки Каргалы очистили в Актобе В экологической акции приняли участие около 300 человек. Это госслужащие, трудовые коллективы и представители молодёжных организаций. Они собрали порядка 25 тонн мусора с прибрежной территории водоёма. Река Каргалы – одна из больших и важных водных объектов в регионе. И является излюбленным местом отдыха всех горожан. Подобные субботники провели также в окрестностях рек Илек, Сазды и Актюбинского водохранилища. Кульзипаш Болекбаева, жительница г. Актобе: - Необходимо содержать город в чистоте. Начинать нужно с себя. Прививать навыки детям и учить их не разбрасывать мусор. Ведь чисто там, где не сорят.
Нуржан Шангытбаев, председатель областного штаба молодёжных трудовых отрядов «Жасыл ел»: - С начала акции «Чистый город – чистый берег» мы вывезли около 300 тонн мусора на специализированный полигон. Очистили практически все прибрежные территории в регионе. Такие мероприятия будут продолжены и дальше.
Источник.http://«24.kz»