Бесхозный скот на дорогах в Актюбинской области представляет угрозу водителям

Ақтөбе облысының жолдарындағы иесіз жүрген жануарлар жүргізушілерге қауіп төндіруде

Соңғы уақытта еркін жайылымда жүрген мал саны көбейіп, автожолдарда апаттық жағдайларға қауіп төндіруде. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында жолдарда қараусыз қалған жануарларға байланысты 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 23 адам жарақат алды. Әсіресе түнгі мезгілде жолмен жүру оңай емес.
Полиция қызметкерлері иесіз жүрген жануарларды арнайы айып тұрақтарына қою жұмыстарын жүргізуде. Облыс бойынша жануарларды уақытша ұстауға арналған 100 арнайы тұрақ бар. Жыл басынан бері бұл тұрақтарда қараусыз қалған 200-ге жуық жануар орналастырылды. 200-ден астам ірі қара иелеріне айыппұл салынды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 13 қазанда Қобда ауылына бағыт алған 32 жастағы жүргізуші сағат шамамен 20.00-де «Renault Logan» автокөлігі Қобда ауданы Акрап ауылының маңында жылқыға соққан. Жылқы мерт болды, адам шығыны жоқ. Зақымданған автокөлік шығыны анықталуда. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 408-бабы бойынша мал иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу)
Қала маңындағы автокөлік жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция ротасы 47 патрульдік автокөліктің және жануарлардың макеттерін орнатты. Егер қанда бір жануар ЖКО орын алуына себепкер болса, онда олардың иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын есте сақтауымыз керек.

Бесхозный скот на дорогах в Актюбинской области представляет угрозу водителям

В последнее время увеличилось количество скота, который находясь на вольном выпасе, создает угрозу аварийных ситуаций на автодорогах. С начала текущего года на территории области зарегистрировано 11 дорожно-транспортных происшествий, связаных с безнадзорными животными на дорогах, где ранены 23 человека.
Особенно непросто ездить по трассам ночью. Таких животных полицейские загоняют в специальные штрафные загоны. В области действует 100 специальных загонов для временного содержания сельскохозяйственных животных. С начала года на этих парковках размещено около 200 голов скота, оставленного без присмотра. Более 200 сельчан – это хозяева скота – получили штрафы.
К примеру, 13 октября 32-летний водитель возвращаясь домой в п. Кобда на а/м Renault Logan, около 20.00 часов вблизи п.Акрап Кобдинского района, допустил наезд на лошадь. Лошадь погибла, человеческих жертв нет. Автомобиль был повреждён, ущерб устанавливается. На хозяина скота возбуждено оформлен административное производство по ст. 408 КоАП РК. (Нарушение правил выпаса сельскохозяйственных животных)
Для обеспечения безопасности дорожного движения на пригородных автомагистралях рота патрульной полиции установила 47 макетов патрульных автомобилей и животных. Владельцы животных должны помнить, что если их животное стало причиной ДТП, то им грозит штраф размере в 5 МРП.

Источник.https://www.instagram.com/polisia_aqtobe/p/DBGkVkUspKQ/?img_index=1

Просмотров: 102
Категория: 
�����