Более 20 детских садов региона участвуют в проекте «Настольный теннис начинается с детского сада»

«Үстел теннисі балабақшадан басталады» жобасына өңірдегі 20-дан астам балабақша қатысып жатыр  Осыдан үш ай бұрын Ақтөбе өңірінде «Үстел теннисі балабақшадан басталады» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты - 4 пен 6 жас аралығындағы балаларды спортпен шұғылдануға тарту, үстел теннисін зияткерлік және салауатты өмір салты ретінде насихаттау, сондай-ақ өңірде спорттық-бұқаралық жұмысты жандандыру.  Ел аумағында алғаш рет Ақтөбе облысында жүзеге асқан жобаны облыс орталығындағы ғана емес, аудандардағы балабақшалар қолдаған. Бүгінгі күні 3000-ға жуық балабақша тәрбиеленушісі үстел теннисін ойнап жүр.  1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде сөйлеу және көру қабілеті нашар балалар тәрбиеленетін «Ақбота» арнайы балабақшасы мен №33 «Нұрсәт» балабақшасында бірегей спорттық бағдарламаның алғашқы нәтижелері таныстырылды. Ақтөбенің ең кішкентай тұрғындарын спорт әлеміне тартуға бағытталған шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов пен ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов қатысты.

«Бұл нағыз уақытылы басталған жоба, себебі ол балалардың денсаулығы, жалпы дамуына өте пайдалы. Біз балалардың үстел теннисі дағдылары бойынша жетістіктерін өз көзімізбен көріп отырмыз. Жалпы, Қазақстан бойынша бұл жоба алғаш рет Ақтөбе облысында, сондай-ақ облыс орталығында ғана емес, аудандарда да іске асырылуда. Бүгінгі таңда жобаға Ақтөбе қаласы мен аудандардың 20-дан астам балабақшасы қатысып, 3000-ға жуық баланы қамтып отыр. Біз балаларымызды осындай болашағы жарқын бастамаларға тарта беретінімізге сенімдімін»,- деді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов.  Жоба аясында тәжірибелі жаттықтырушылар балаларды «Мектеп жасына дейінгі балалардың үстел теннисіне деген қызығушылығын қалай дамытуға болады?» атты бейімделген бағдарламасымен оқытады. Бұл балдырғандардың қимылдарды үйлестіруге үйретіп, зейінін дамытады.  Спорттық шара соңында мерекеге орай, балаларға сыйлықтар табыс етілді.

Более 20 детских садов региона участвуют в проекте «Настольный теннис начинается с детского сада»    Три месяца назад в Актюбинской области стартовал проект «Настольный теннис начинается с детского сада». Цель проекта – привлечение детей в возрасте от 4 до 6 лет к занятиям спортом, пропаганда настольного тенниса как интеллектуального вида спорта и здорового образа жизни, а также возрождение массового спорта в регионе.    Проект, реализованный впервые в Актюбинской области, поддержали детские сады не только в областном центре, но и в районах. Сегодня около 3000 воспитанников детсадов играют в настольный теннис.    1 июня в Международный день защиты детей в специальном детском саду «Ақбота» и детском саду №33 «Нұрсәт» были представлены первые результаты уникальной спортивной программы.   В мероприятии, направленном на привлечение самых маленьких актобинцев в мир спорта, приняли участие заместитель акима Актюбинской области Галымжан Елеуов и вице-президент Федерации настольного тенниса РК Ильсияр Канагатов.  

«Я считаю что этот проект стартовал своевременно, он будет очень полезен в плане здоровья детей, общего развития. Мы сами воочию убедились их прогрессу в навыках настольного тенниса. В целом данный проект по Казахстану впервые реализуется у нас в Актюбинской области, не только в областном центре но и в районах. На сегодняшний день в проекте участвуют более 20 детских садов города Актобе и области, охватив около 3000 детей. Я уверен что мы и дальше будем приобщать наших детей к таким перспективным начинаниям»,- сообщил заместитель акима области Галымжан Елеуов.    Под руководством опытных тренеров с адаптированной программой «Как развить интерес у дошкольников к настольному теннису», дети получат уникальную возможность прикоснуться к спорту, который развивает координацию движений и концентрацию внимания.   В завершении мероприятия детям в честь праздника вручили подарки и пожелали удачи в их новом начинании.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 150
Категория: 
�����