Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында екі мыңнан астам жоба қолдау тапты Нәтижесінде елді мекендерде ет-сүт өнімдерін өңдеу, қызмет көрсету саласы қарқын алып келеді. Тек Темір ауданында биыл ондаған бизнес-жоспар іске асып жатыр. Майра Темірбаеваның әр күні бақшада егілген көкөністі бақылаумен өтеді. Көктемде салған қияр мен қызанақ және қауын-қарбыз тұқымы қазір бүр жарып, жайқалып тұр. Бұл «Ауыл аманаты» жобасына қатысудың жемісі. Оның аясында ұсынылатын жеңіл несиеге қол жеткізу үшін былтыр кәсіпкер өз бизнес жоспарын ұсынып, үш млн теңгеден астам қаржы алған. Нәтижесінде, көкөніс өсіру ісі өрге жүзді. Майра Темірбаева, кәсіпкер: - Керек құрал-жабдықтарын сатып алдым әуелі. Сосын жерді жыртып, содан жәйлап ектік. Мен мынадай өнім аламын деп ойламаппын. Өзіме өте ұнады. Маңдай тер еңбек қой. Бір жылдан асты, бәрін уақытында төлеп, отчетімды жасап бәрін істеп отырмын.
Бұл 43 гектар алқапта «ауыл аманаты» жобасына қатысқан үш бірдей әйел көкөніс өсіріп отыр. бірқатар жерлестерін де жұмыспен қамтыған. Ал Темір өзенінің жағасында жатқан бақшада тамшылатып суару әдісі қолданылады. Бүгінде мұнда өсірілген көкөніс түрлері ауданның бірнеше елді мекеніне жеткізілуде. Азат Бірлепесов, Темір қаласының тұрғыны: - Қазіргі таңда қияр сатып жатырық, магазиндерді аралап. Ондай қымбат емес, адамдар қуанып жатыр. 200 теңгеден сатып жатырмыз. Енді бастама ценасы. Енді қарбызымыз мұнда пісіп тұр. Шамалы уақыт қалды. Он шақты күн болса, енді қарбызымыз да келіп тұр уже сатуға. Қауынымыз бар мұнда.
Бүгінде жергілікті нарыққа көкөністен өзге ет және сүт өнімдері де түсіп тұр. Әрі тұтынушылар үшін бағасы да лайықты. Ал жыл басынан Темір ауданы бойынша жоба аясында 429 млн теңгенің 61 бизнес жоспары қаралған. Есенбол Жолдығарин, Темір аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: - Негізінде бірінші бағытта біздерде жұмыс жасағанымыз - құс бағытында жасадық, көкөніс өсіру бағытында жасадық. Енді биылдан бастап, мал шаруашылығы қосылды. Бір мал шаруашылығынан бөлек, қызмет көрсету саласы дейміз ғой,қоғамдық тамақтану, монша, СТО, тағысын тағы жобалар жүзеге асып жатыр.
Бағдарлама туралы ауылдықтар арасында жиі айтып жүрген мамандар, оның аясында ұсынылатын екі жарым пайыздық несиенің өте тиімділігін алға тартуда. Себебі елді мекендегі кәсіпкерлерге өзге қаржы ұйымдарында мұндай жеңілдік жоқ дейді. Ал өңірде екі жыл ішінде 2145 жоба қолдау тапқан.
«Ауыл аманаты»: 41 проект профинансировали в Темирском районе Больше двух тысяч проектов реализовали в Актюбинской области в рамках программы «Ауыл аманаты». В сёлах развивают самые разные направления: овощеводство, переработку мяса и молока, открывают пекарни и салоны красоты. Только в Темирском районе в этом году уже поддержали десятки бизнес идей. Майра Темирбаева вместе с ещё двумя начинающими предпринимательницами взяла в аренду 43 гектара земли. На полях недалеко от Темира выращивают помидоры, огурцы, картофель, арбузы и дыни. По программе «Ауыл аманаты» женщины оформили в кредит чуть больше 3,5 млн тенге. Майра Темирбаева, предпринимательница: - Сначала приобрели всё для полива, семена, вспахали землю и посадили рассаду. Я даже не предполагала, что будет такой урожай. Считаю, что это результат кропотливого труда. Уже больше года плачу кредит, вовремя сдаю отчёты. На полях используют систему капельного орошения. Для посадки и сбора овощей участницы проекта привлекают местных жителей. Урожай радует второй год подряд, – отметил Азат Бирлепесов. Свежую продукцию продают в магазинах и на рынках ближайших сёл и городов. Азат Бирлепесов, житель г. Темир: - Мы продаём огурцы от 200 тенге за килограмм. Цены приемлемые, люди довольны. Скоро на прилавки поступят наши арбузы. В прошлом году получили хороший урожай и собрали около 60 тонн.
С начала года от жителей Темирского района на рассмотрение поступил 61 проект на общую сумму 429 млн тенге, 41 уже профинансировали. В прошлом году участники «Ауыл аманаты» для реализации своих бизнес-идей получили около 1 млрд тенге. Курирующий этот вопрос Есенбол Жолдыгарин говорит, что развивают в районе самые разные направления. Есенбол Жолдыгарин, руководитель отдела предпринимательства и сельского хозяйства Темирского района: - Первые проекты были в основном в сфере птицеводства и овощеводства. С этого года добавилось животноводство. Кроме того, развивается сфера услуг, участники проекта открывают пекарни, бани, станции технического обслуживания.
По словам специалистов, благодаря проекту создаются условия для развития малого и среднего бизнеса в отдалённых населённых пунктах, а также открытия рабочих мест. Только в Темирском районе несколько десятков бывших безработных зарегистрировались в качестве индивидуальных предпринимателей.
Источник: «24.kz»