Құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандардың көбі жыл соңына пайдалануға беріледі Ақтөбе өңірінде құрылысы ұзаққа созылған 13 ғимарат бар. Оның 7-еуі — білім, 4-еуі — спорт, екеуі — денсаулық сақтау нысаны. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев мәлімдеді. Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен Ақтөбе қаласындағы және бірқатар аудандағы құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік ғимараттардың мәселесі тақырыбындағы жиында айтылды. Қазір облыстағы әлеуметтік нысандардың көбінің құрылысы қарқынды. Дені биыл күз айларында халық игілігіне беріледі. Ал құрылысы толық аяқталған Қарғалы қалалық ауруханасының жапсарлас ғимараты жуырда пайдалануға берілмек. Бұл нысанды балансқа қабылдау шараларын облыс әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевке тапсырды. Жиынды қорытындылаған Асхат Шахаров облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларына проблемалық нысандардың мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін қадап айтты.
«Қайталап айтамын, кабинетте отырмай, құрылысы бітпей жатқан нысандардың жағдайын өз көздеріңізбен көріңіздер. Бұл бағытта тиісті шешім шығаруға дайын болыңыздар. Барлық компанияларды тексеріңіздер, әрбір нысан бойынша талдау жүргізіңіздер. Баспанасын ала алмай жүрген тұрғындар көп ұзамай пәтерлеріне қол жеткізуі керек. Бұдан бөлек, барлық мектептер мен спорт кешендері уақытында пайдалануға берілуі қажет»,– деді облыс әкімі.
Большинство социальных объектов, строительство которых затянулось, будут сданы в эксплуатацию к концу года В Актюбинской области 13 таких долгостроев. Как сообщил заместитель руководителя управления строительства, архитектуры и градостроительства области Аслан Жарасбаев, речь идет о 7 учреждениях образования, 4 спортивных объектах и 2 медицинских учреждениях. Ситуацию с затянувшимся строительством социальных объектов в регионе рассмотрели на совещании с участием акима области Асхата Шахарова. По области ведется строительство многих социальных объектов. Некоторые из них планируется сдать уже этой осенью. Завершено строительство больницы в жилом массиве Каргалы. Аким области поручил руководителю облздрава Нурболу Тымпиеву проконтролировать сдачу медицинского объекта в эксплуатацию и принять его на баланс управления. Асхат Шахаров поручил руководителям управления государственного архитектурно-строительного контроля и управления строительства, архитектуры и градостроительства вести системную работу по решению вопросов с проблемными объектами.
«Вы должны лично контролировать строительство всех объектов в регионе. Если вдруг стройка затягивается, срываются сроки сдачи объекта, проверяйте компании. Будьте готовы принимать самостоятельные решения по каждому случаю. Актюбинцы, вложившие средства в строительство домов, должны получить свои квартиры. Все школы, спортивные объекты должны быть сданы в срок»,- сказал аким области.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi