Ақтөбелік шаруа Аманғос Төлеуовтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі орасан Оның жетекшілігіндегі «Степное» серіктестігі бүкіл республикаға танымал. Қарғалы ауданының тұрғындары оны ұтымды ұйымдастырушымен қатар игі істердің ұйытқысы деп біледі. Аманғос Төлеуов ауыл шаруашылығы саласында 40 жылға жуық тер төгіп келеді. Ел тәуелсіздік алған жылдары кәсіп ашып, егін мен мал шаруашылығын аудан экономикасының тұрақты драйверінің бірі еткен. Шаруа қожалығы шикізат өндіріп қоймай, нарыққа дайын өнім ұсынады. Аманғос Төлеуов, «Степное» ЖШС директоры: - Толық циклды мен мысалы өсімдік өсіруде істедім. Өсіреміз бидайды, оны апарып бадамшада тартамыз диірмен, сосын Ақтөбеге апарып нан қылып шығарамыз неше түрлі. Қазір 35%, 40%-ке жетіп қалған шығар, сол Ақтөбе халқына біз нан беріп отырмыз.
Степное ауылындағы серіктестікке тиесілі дүкенде бір бөлке нан 90 теңге тұрады. Кәсіпкер тұрғындар үшін қолжетімді бағада саудалайды. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің алғышарты. Бұдан бөлек, мәдениет үйі ғимаратын да салып берген. Шаруа қожалығы табысының 20%-тен астамын қайырымдылыққа береді. Қазір 3 ауылдың оқушыларын ыстық аспен қамтамасыз етеді. Михаил Колодяжный, «Степное» ЖШС бригадирі: - Ауылымыз жылдан жылға дамып келе жатыр. Бұны мен мақтанышпен айта аламын. Соңғы кезде қаладан көшіп келіп жатқандар көбейді. Бар жетістігімізді Аманғос Сансызбайұлымен байланыстырамыз.
Аманғос Төлеуов биыл су тасқынынан зардап шеккен Қобда және Ойыл аудандарына 100 тонна бидай, осынша көлемде арпа тұқымы мен 200 бас ірі қара берді. Ел басына күн туғанда «Степное» серіктестігі басшысы қарап отыра алмаған айтады.
Человек труда: Амангос Тулеуов посвятил сельскому хозяйству 40 лет Человеком труда по праву можно назвать жителя Актюбинской области Амангоса Тулеуова. Всю жизнь он трудится в сельскохозяйственной отрасли, а его хозяйство называют градообразующим. ТОО «Степное» не только производит качественную продукцию, но и проявляет социальную ответственность. Амангос Тулеуов сельским хозяйством занимается 40 лет. Возглавляемое им сельхозпредприятие – одно из ведущих в регионе. Здесь есть посевные площади, собственное поголовье, пельменный и колбасный цехи, пекарня. Важно не только произвести продукцию, но и наладить её переработку, считает Амангос Тулеуов. Поэтому здесь полный производственный цикл. Амангос Тулеуов, директор ТОО «Степное»: - Я организовал полный цикл в растениеводстве. Выращиваем зерно, везём в Бадамшу на элеватор и в мукомольню. После этого в хлебопекарню в Актобе. Сейчас наша компания обеспечивает хлебом 35-40% населения областного центра.
ТОО «Степное» активно участвует и в жизни сельского округа. В своё время на его средства построили Дом культуры. Сейчас оно обеспечивает горячим питанием учеников трёх школ. Село благоустраивают, есть желающие переехать сюда, и в этом большая заслуга руководителя предприятия, говорят жители. Михаил Колодяжный, бригадир ТОО «Степное»: - Народ стал съезжаться. Большинство из городов приезжают сюда. Доброжелательный он человек, к нему и тянутся люди. Об этом человеке можно сказать только хорошее.
В этом году руководитель ТОО «Степное» Амангос Тулеуов одним из первых оказал помощь пострадавшим от паводка аграриям. Сельчанам хозяйство предоставило 100 тонн семенной пшеницы, столько же ячменя, 50 тонн семян кормовой травы. Оказавшимся в трудной ситуации раздали 200 овец и 50 коров.