Қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлеріне бағынбағандарға қандай жаза қарастырылған
Полиция қызметкерлері – билік өкілі. Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағыну және орындау – барлық азаматтар үшін міндетті.
Алайда, өкінішке қарай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында полицейлердің заңды талаптарына агрессивтілік пен бағынбаушылық таныту, тіпті оларға қатысты күш қолдану деректері де орын алады. Мұндай азаматтар ҚР ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қылмыстық заңнама бойынша жазаға тартылады.
Атап айтқанда, ҚР ҚК 380-бабына сәйкес (билік өкіліне қатысты күш қолдану әрекеттері), билік өкілінің өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарының өміріне және денсаулығына қауіпті емес күш көрсеткен немесе күш көрсетемін деп қорқытқан адамға екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал, билік өкілінің өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның немесе жақындарының өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданған адамды 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында билік өкіліне қатысты күш қолданудың 8 фактісі тіркелді, оның ішінде 5 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 2 қылмыстық іс бойынша кінәлі адамдар сотталды және 1 іс тоқтатылды.
Мысалы, ағымдағы жылдың наурыз айында 37 жастағы ақтөбелік полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және оған қатысты күш қолданғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған азамат мейрамханада мас күйінде төбелесіп, шақыруға келген полиция қызметкерін басымен ұрған.
Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық азаматтарды тәртіп пен заңдылықты сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға шақыра отырып, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкіліне қарсылық көрсеткендер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы тағы да ескертеді.
Чем грозит сопротивление сотрудникам полиции при исполнении ими служебных обязанностей
Сотрудники полиции являются представителями власти. Подчинение и неускоснительное исполнение законных требований сотрудников полиции, находящихся при исполнении, обязательны для всех граждан.
К сожалению, в ходе обеспечения общественной безопасности стражи порядка иногда сталкиваются неповиновением, проявлением агрессии и даже фактами применения насилия в отношении них, со стороны правонарушителей.
По всем фактам применения насилия в отношении сотрудников полиции при исполнении ими служебных обязанностей, подозреваемые в порядке ст. 128-131 УПК РК водворяются в ИВС, с последующим привлечением к уголовной ответственности.
Так, согласно ст. 380 УК РК (применение насилия в отношении представителя власти), за применение насилия не опасного для жизни и здоровья, либо угрозу применения насилия в отношении представителя власти или его близких в связи с исполнением им своих служебных обязанностей, подозреваемому лицу грозит наказание в виде лишения свободы на срок до двух лет. За применение насилия опасного для жизни или здоровья в отношении представителя власти или его близких в связи с исполнением им своих служебных обязанностей подозреваемому грозит наказание в виде лишения свободы на срок от 5 до 10 лет.
С начала года в Актюбинской области зарегистрировано 8 фактов применение насилия в отношении представителя власти, из них пять уголовных дел направлено в суд, по двум уголовным делам виновные лица осуждены и одно дело прекращено.
К примеру, в марте т.г. к трем годам лишения свободы был осужден 37-летний житель Актобе, который находясь в алкогольном опьянении в ресторане устроил драку и головой ударил сотрудника полиции, прибывшего на вызов.
Наряду с этим Департаментом полиции принимаются меры по соблюдению законности среди личного состава и повышению ответственности сотрудников полиции перед гражданами.
В связи с этим, Департамент полиции Актюбинской области призывает граждан подчиняться законным требованиям сотрудников полиции и предупреждает об уголовной ответственности за неповиновение и применения силы в отношении представителя власти находящегося при исполнении.