Чествовали единственного ветерана Великой Отечественной войны

Жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді  Ақтөбе облысында көзі тірі жалғыз ҰОС ардагері Василий Грецкийдің ауласында Хромтау ауданының әкімдігі сенбілік ұйымдастырды.  Оның құрметіне аудандық әкімдіктің қызметкерлері құрмет көрсетіп, «Өнегелі ұрпақ» экологиялық акциясы аясында тазалық шарасын өткізді. Оған Хромтау ауданының жастары, ерікті жандар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Біржанов, аудандық мәслихат депутаты, «Қаһарман» ҚБ басшысы Фархад Сағынбай қатысты.  Василий Иванович қызымен бірге тұратын бес қабатты үйдің ауласында шағанның көшеттері отырғызылды, ағаштар әктелді, орындықтар түрлі түске боялды. Василий Грецкий Хромтау, қалалық және аудандық әкімдік өкілдеріне көрсетіліп жатқан қамқорлық, қолдаулары үшін алғысын білдірді. Ол әсіресе жастардың жұмысын атап өтті. Оның айтуынша, балалар патриоттық іс-шараларды жиі өткізеді, тарихқа қызығушылықтарын білдіреді екен.  Айта кетейік, Василий Грецкий 1942 жылы Алматы қаласынан әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылған. Алматыда алты ай әскери дайындықтан кейін 1943 жылы Алматы қаласының горнизонынан майданға жіберілді. Әскер қатарында бірінші Украина, 111-Белорус майдандарының құрамында сегізінші полктың бірінші кавалериялық корпусында соғысқан. 1945  жылы  Жеңісті Берлиннен 75 км жердегі  Ельцих қаласында  госпитальда қарсы алды. Жауынгерлік еңбегі үшін Василий Иванович Грецкий «Қызыл Жұлдыз» орденімен, II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.  Ардагердің екі қызы мен ұлы бар. Ол алты немеренің атасы және он шөберенің арғы атасы. Олар оны және оның жауынгерлік еңбегін мақтан тұтады.

Чествовали единственного ветерана Великой Отечественной войны    Субботник во дворе единственного оставшегося в живых ветерана Великой Отечественной войны нашей области Василия Грецкого организовал акимат Хромтауского района.    В дань уважения к нему работники райакимата в рамках экологической акции «Өнегелі ұрпақ» решили благоустроить двор, где проживает фронтовик. В субботнике приняли участие молодежные активисты Хромтау, председатель районного Совета ветеранов Куаныш Биржанов, депутат раймаслихата, руководитель ОО «Қаһарман» Фархад Сагынбай.    Во дворе пятиэтажного дома, где проживает Василий Иванович вместе с дочкой, посадили саженцы ясеня, побелили деревья, покрасили скамейки.   Василий Грецкий поблагодарил представителей общественности Хромтау, городского и районного акимата за участие и заботу о его семье в праздники и будни. Особенно он отметил работу молодежи. По его словам, ребята часто проводят патриотические мероприятия, интересуются историей, ведь у многих на полях сражений остались деды и прадеды.    Напомним, Василий Иванович Грецкий родился в городе Полоцке Витебской области (Беларусь) в 1922 году. Семья рано потеряла отца, и чтобы заработать на хлеб, вместе с пятью братьями и сестрами он собирал хлопок на полях в Мойынкумском районе Жамбылской области до начала Великой Отечественной войны. Василий прошел специальную подготовку в Алма-Ате. Оттуда его в 1943 году направили на фронт. Воевал в составе первого украинского, 111-го Белорусского фронта в первом кавалерийском корпусе восьмого полка. В 1945 году Победу встретил в госпитале, в 75 км от Берлина. После этого полк Василия Ивановича дислоцировался в Уральске. В 1946 из-за полученных травм был отправлен в запас.    За боевые заслуги Василий Иванович Грецкий награжден орденом «Красной Звезды», удостоен ордена Отечественной войны II степени.    У ветерана две дочери и сын. Он дедушка шестерых внуков и прадед десяти правнуков. Они очень гордятся им и его боевыми заслугами.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 260
Категория: 
�����