Табиғи апаттан зардап шеккендерге қоғамдық штаб мүшелері көмек көрсетуде Қоғамдық штаб мүшелері үйлері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар уақытша орналасқан орындарды аралады. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары 7 орталыққа бекітілген. Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева мен «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжіне барып, уақытша тұру орындарда тұрып жатқан тұрғындардың жағдайын білді. Үйлері суға кеткен азаматтарды қандай мәселелер толғандыратынын, қандай көмек қажет екенін сұрады. Бұл жерде қазір 280-нен астам адам тұрып жатыр. Арнайы кестеге сәйкес, бұл орталыққа облыстық мәслихат депутаттары Серік Алипов пен Бижан Қалмағанбетов, қалалық мәслихат депутаты Анар Даржанова бекітілген. Тұрғындар қандай да бір сауалдары болса, осы депутаттардан көмек сұрауына болады. Айта кетейік, облыста қоғамдық штаб өз жұмысын бастады. Басты мақсат – табиғи апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету. Штаб туындаған мәселелерді шешу үшін қажет жағдайда мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы институттарын тартады. Облыстық штаб Тургенев көшесі №86 мекенжайында «Амаnat» партиясының ғимаратында орналасқан. Ақтөбе қаласы мен облыстың төтенше жағдай жарияланған алты ауданында да штабтар құрылған.
Члены общественного штаба помогают пострадавшим от стихийного бедствия Члены общественного штаба посетили места временного проживания жителей, чьи дома пострадали от паводка. Таких мест семь, и за каждым из них закреплены депутаты областных и городских маслихатов. Председатель Актюбинского областного маслихата Гулкасима Суентаева и председатель областного филиала партии «Аmanat» Ербол Данагулов побывали в общежитии Актюбинского высшего гуманитарного колледжа и ознакомились с условиями проживания людей. В беседе с жителями они поинтересовались, какая помощь им необходима. Сейчас здесь находится более 280 человек. За этим общежитием закреплены депутаты областного маслихата Серик Алипов и Бижан Калмаганбетов, председатель городского маслихата Анар Даржанова. Жители могут обращаться к ним за помощью и для разъяснения возникших вопросов. Отметим, что в регионе начал работу общественный штаб. Основная его цель – оказать всестороннюю поддержку гражданам, пострадавшим от стихийных бедствий. Штаб при необходимости привлекает к решению проблемных вопросов соответствующие государственные органы и финансовые учреждения. Областной штаб расположен в здании областного филиала партии «Аmanat» по адресу: улица Тургенева, 86. Штабы также созданы в городе Актобе и шести районах, где была объявлена чрезвычайная ситуация.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi