Жыл қорытындысы. Ақтөбе облысындағы дене шынықтыру мен спорттың дамуы Ақтөбе облысында дене шынықтыру мен спорт қарқынды дамуда. 2024 жылы өңір халқының 43%-ы, яғни 407,916 адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Жыл ішінде 200,000-нан астам адам қатысқан 3,000-нан астам бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Облыста спорттық инфрақұрылымның дамуы белсенді жалғасуда. Спорттық нысандар саны 1,704-ке жетіп, 2024 жылы 13 спорт кешені, 16 жазықтық құрылғы, 1 жүзу бассейні және 30 спорт залы пайдалануға берілді. Балалар спортына ерекше көңіл бөлінуде.