День спасателей: сотрудники органов гражданской защиты получили награды

Құтқарушылар күні: азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері марапаттарға ие болды 19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі. Бұл – өрт сөндірушілердің, азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің және суда құтқару қызметтерінің кәсіби мерекесі. Ерлік пен ержүректіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген маман иелерінің құрметіне қалалық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  Мәдениет үйінің ғимараты алдында тұрғындарды құтқаруға арналған жаңа техникалар мен құрал-жабдықтардың көрмесі келушілер назарына ұсынылды. Көрмені аралаған облыс әкімі құтқару техникасын бағалап, оның заманауи және жоғары тиімділігін атап өтті. Биыл Төтенше жағдайлар департаментін материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді, оған 8 бірлік арнайы техника мен 588 әртүрлі құтқару құралдары сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

День спасателей: сотрудники органов гражданской защиты получили награды День спасателя в Казахстане отмечается 19 октября. Это профессиональный праздник пожарных, сотрудников гражданской обороны и водно-спасательных служб. В преддверии даты в честь самых отважных и смелых было организовано праздничное мероприятие, которое прошло в городском Доме культуры.  Перед зданием ДК была организована выставка техники и оборудования, предназначенного для спасения людей. Осмотрев выставку, аким области оценил спасательную технику, отметив ее современность и высокую эффективность. В этом году на материально-техническое оснащение ДЧС собластного бюджета было выделено 1,8 млрд тенге, на которые приобретено 8 единиц спецтехники и 588 различного спасательного инвентаря. Работа в этом направлении будет продолжена.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 96
Категория: 
�����