Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәмілелер жасасу кезінде қырағы және мұқият болуды сұрайды, оңаша кездесу кезінде тауар мен ақша қаражатын беруді, белгісіз сайттарға өзінің жеке деректерін енгізбеуді және бейтаныс адамдарға бермеуді ұсынады.
Мысалы, 36 жастағы әйел адам интернет сайтындағы бағасы тиімді телефон сату туралы хабарландыруды көреді. Сатушымен хабарласып, смартфонның суреті мен видеосын жіберуді сұрады. WhatsApp мессенджері арқылы мәміленің барлық егжей-тегжейін талқылай отырып, сатушы клиенттен тауарға алдын ала төлем жасауын сұрады. Әйел бірден оған 95 мың теңге көлемінде ақша аударған. Бірақ төлемді алған сатушы байланысқа шықпай, хабарсыз кеткен.
Осындай жағдай 18 жастағы жас жігіттің басынан өткен, мопед алам деп алданып қалған. Жас жігіт сатушыға 170 мың теңгеге жуық ақша аударған.
Аталған фактілер бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті сату сайттарында интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткендігі туралы ескертеді. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдармен күмәнді мәмілелер жасамаңыз.
Бірақ егер Сіз алаяқтарға тап болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.
Департамент полиции Актюбинской области просит быть бдительными и внимательными при заключении сделок, рекомендует передавать товар и денежные средства при личной встрече, не предоставлять и не вводить свои личные данные на сторонних сайтах, и не передавать третьим лицам.
К примеру, 36-летнюю женщину на сайте продаж заинтересовало объявление о продаже телефона, при этом цена была весьма привлекательной. Связавшись с продавцом, покупательница попросила выслать фото и видео смартфона. Обговорив все детали сделки через мессенджер WhatsApp», продавец попросил задаток якобы убедиться в том, что товар ее точно заинтересовал. Женщина сразу же перевела ему денежные средства в размере 95 тысяч тенге. Но после получения задатка «продавец» перестал выходить на связь.
С аналогичным случаем столкнулся 18-летний молодой человек, только в качестве товара подростка заинтересовал мопед. Молодой человек также перевёл лже-продавцу задаток около 170 тысяч тенге.
По данным фактам сотрудники полиции проводят оперативные мероприятия, направленные на установление и задержание подозреваемого лица.
Департамент полиции Актюбинской области предупреждает об участившихся случаях интернет-мошенничества на сайтах продаж. Что бы не стать жертвой мошенников не совершайте сомнительные сделки с малознакомыми людьми. Будьте бдительными, не дайте себя обмануть.
Но если вы все же стали жертвой мошенников, то незамедлительно обращайтесь в полицию по телефону 102.