Депутаты обсудили вопрос использования бюджетных средств

Депутаттар бюджет қаржысын игеру мәселесін талқылады
 Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды.

 Сессияға облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Отырыста алдымен облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев өткен жылғы бюджеттің атқарылуы жайында баяндап берді. Оның сөзінше, былтыр облыстық бюджет түсімі 474,2 млрд.теңге көлемінде жоспарланған. Дегенмен түсім көлемі 504,9 млрд.теңгеге жеткен. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы облыстық бюджеттің түсімі республикалық бюджет трансферттері және жеке кірістердің артық түсуі есебінен 103,8 млрд.теңгеге (25,9%) артқан.

Депутаты обсудили вопрос использования бюджетных средств
 Сегодня на очередной тринадцатой сессии областного маслихата рассмотрено исполнение областного бюджета за 2023 год.

 В работе сессии приняли участие аким области Асхат Шахаров, председатель областного маслихата Гулкасима Суентаева, руководители областных управлений и департаментов, члены областного общественного совета.

 Руководитель управления финансов Актюбинской области Нурлыбек Унербаев отчитался об исполнении бюджета прошлого года. По его словам, в прошлом году поступления в областной бюджет ожидались в размере 474,2 млрд. тенге. Однако доходная часть достигла 504,9 млрд. тенге. По сравнению с 2022 годом доходы областного бюджета в 2023 году увеличились на 103,8 млрд. тенге (25,9%) за счет трансфертов республиканского бюджета и увеличения налоговых поступлений.

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 175
Категория: 
�����