Көрмеде дәстүрлі тағамдарды көрсету үшін әрбір ауданға арнайы алаң бөлінген. Шалқар ауданының атынан әзірленген дастарханда «Шалқарлық комбо» атауымен ішіне табиғи ет өнімдері, яғни жылқының қазысы мен үш түрлі шұжық және ысталған құйрық, сондай-ақ жергілікті жердің тары-талқаны мен құрты салынған арнайы қорапқа көпшіліктің назары ауды. Арнайы ваккумды пакетке салынған дайын өнімді Шалқар қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Айбек Сағынаев нарыққа шығарып отыр. Шалқар бренді ретінде сыйға беруге дайын өнімнен дәм ауыз тигендердің қарасы көп болды. Гастрономиялық көрмеге «Сарқыт» мейрамханасы аспаздары да өз үлесін қосқан. Көпшілікті төр дастарханына ыстық күйінде әкелінген бүрме қарынның жасалу технологиясы қызықтырды. Саз балшыққа оралған қарын толы етті мейрамхана азпаздары сексеуілдің отына пісірген. Бұл күні ойылдықтар келі-келсапта тары түйіп, диірмен тартып, жергілікті бренд өнімнің қалай дайындалатынын көпшілікке тағы бір мәрте түсіндіріп берсе, Темір ауданының өкілдері ұлттық тағам толы дастархандағы ерекше ас-өрме төстіктің қалай жасалғанын үлкен экраннан ұсынды. Бұл көрмеге мұғалжарлықтар да жоғары дайындықпен келіпті. Қарын толы сары майдың сақталуы, ет тарту, қуырдақ, әсіп сияқты ұмытыла бастаған ұлттық тағамдардың жасалу технологиясы қонақтарға жан-жақты түсіндірілді. Көрме соңында «Үздік дәстүрлі сусын», «Үздік аймақтық рецепт», «Үздік аудан» сияқты барлық аудан әртүрлі аталымдарға ие болды.
Для демонстрации традиционных блюд каждому району была выделена специальная площадка. На стенде от Шалкарского района особое внимание привлекла композиция под названием «Шалкарское комбо», включающая натуральные мясные продукты: казы из конины, три вида колбасы, копчёный курдюк, а также местную тары-талкан и кумыс, упакованные в специальную коробку. Готовый продукт в вакуумной упаковке представляет на рынок житель города Шалкар, частный предприниматель Айбек Сагынаев. Продукция под брендом Шалкара, подходящая для подарков, вызвала большой интерес у посетителей. Свои кулинарные достижения представили также повара ресторана «Сарқыт». Особое внимание гостей привлекла технология приготовления горячего блюда «Бүрме қарын» (запечённый желудок). Мясо, запечатанное в желудок, обёрнутое в глину, повара готовили на огне из саксаула. Уилцы продемонстрировали процесс обдирки тары в ступе, перемалывания зерна и показали, как изготавливается местный брендовый продукт. Представители Темирского района на большом экране рассказали об уникальном блюде – «өрме төстік» (заплетённая грудинка). Мугалжарцы подошли к выставке с особой подготовкой. Гостям подробно объяснили процесс хранения жёлтого масла в желудке, разделки мяса, приготовления таких забытых национальных блюд, как қуырдақ, әсіп (блюдо из фарша и риса). По итогам выставки все районы были награждены в различных номинациях, таких как «Лучший традиционный напиток», «Лучший региональный рецепт», «Лучший район».
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi