Для семьи приобрели новый дом

Жаңа баспанаға ие болды
 
 Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккен тағы бір отбасы жаңа баспанасына қоныстанды.
Су тасқыны кезінде Жүргенов ауылындағы Қожағұловтар отбасының үйі суға кетіп, тұруға жарамсыз болып қалған болатын. Үй иесі тұрғын үй алуда екі таңдау болғанын, соның ішінде дайын үй сатып алуды таңдағанын айтты

«Бұл үйді таңдаған себебіміз: орталықта орналасқан, балаларыма мектепке және жұмыс орныма жақын. Гаражы мен бақшасы да бар. Болашақта бақшаға жеміс-жидектер егеміз деген жоспарымыз бар. Енді мұндай жағдай қайталанбасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»– дейді Т. Жүргенов ауылының тұрғыны Шайзада Қарабалина.
 Айта кетейік, Әйтеке би ауданы бойынша 150-ге жуық арыз түсті. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың өтініші негізінде құрылған комиссия әр үйге техникалық бақылау жүргізді. Нәтижесінде 50 үй жарамсыз деп танылды. Бүгінгі күні 23 отбасыға екінші нарықтағы, дайын пәтерлер сатып алынды. Сонымен қатар, ауданда жаңа үйлердің де құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Для семьи приобрели новый дом

 Еще одна семья в Айтекебийском районе, пострадавшая от паводка, переехала в новый дом.
Дом семьи Кожагуловых в селе Темирбека Жургенова пострадал от паводка. Владелец дома рассказал, что у него было два варианта получения жилья взамен аварийного, в том числе покупка готового дома.
«Мы выбрали этот дом, потому что он расположен в центре, рядом школа, где учатся мои дети, рядом моя работа. К тому же есть гараж и огород. Посадим там фруктовые деревья, ягоды. Пусть больше не будет таких несчастий. Пусть наш народ живет в мире и безопасности»,– говорит жительница села Т. Жургенова Шайзада Карабалина.
 В Айтекебийском районе было подано около 150 заявлений. Специально созданная комиссия на основании заявлений провела техническое обследование каждого дома. В результате 50 домов были признаны аварийными. Для 23 семей приобрели готовое жилье на вторичном рынке. Кроме того, в районе строятся новые дома.

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 143
Категория: 
�����