Для женщин, ищущих работу, была организована ярмарка вакансий

Жұмыс іздеген әйелдерге бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды Жәрмеңкеге келген 67 әйелдің тең жартысы жұмыс орнына жолдама алды. Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай жұмыс іздеуші және жұмыссыз әйелдерге және бостандығынан айырылу орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, алимент бойынша борышкер азаматшаларға және т.б. арналған «Жұмысшы әйелдер» мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос жұмыс орнының жәрмеңкесі «Отбасын қолдау орталығы» КММ ғимараттарында, яғни «Анаға тағзым» және Есет батыр тұрғын алабында өтті. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Ақтөбе қаласының әкімдігі, Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының кәсіпкер әйелдер Қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге қаланың өндіріс және қызмет көрсету саласы бойынша 34 ұйым мен кәсіпорындар әр түрлі бағытта 276 бос жұмыс орнын ұсынды.  Ұсынылған бос жұмыс орындары: өндіріс инженері, макарон цехына жұмысшы, нан зауытына жұмысшы, зертханашы, материалдық есепші, Оператор 1С, дефектолог, массаж жасаушы мейірбике, психолог, заңгер, сатушы-кассир, архитектор, бастауыш сыныптың,әртүрлі пәндердің мұғалімдері, кондитер, технолог, шаштаразшы, логопед-дефектолог, тігінші, аспазшы, санаторий басқарушысы, сатушы-кеңесші, сауда өкілі, жанар-жағар май станциясының операторы және басқада бос жұмыс орындары ұсынылды.  Бос жұмыс орындары (www.enbek.kz) электронды еңбек биржасы порталында жарияланады. Бүгінгі күнге порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1019 бос жұмыс орны орналастырылған. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының кәсіпкер әйелдер Қауымдастығы жәрмеңкеге қатысушы әйелдерге арнап, мерекелік дастархан жайылды.

Для женщин, ищущих работу, была организована ярмарка вакансий Из 67 женщин, пришедших на ярмарку, половина получила направление на работу. К Международному женскому дню 8 Марта была организована ярмарка вакансий посвященная «Женским рабочим специальностям» для безработных и ищущих работу женщин, должников по алиментам, лицам состоящие на учете службы пробации и др, согласно плана работы Комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при акиме области. В работе ярмарки вакансий, который прошел при поддержке ГУ «Управление координации занятости и социальных программ Актюбинской области», акимата г.Актобе, Ассоциации деловых женщин г.Актобе и Актюбинской области приняли участие 34 организаций и предприятий города производственной и сервисной сферы, которые представили 276 вакансий в различных направлениях. Предложены следующие вакансии: инженер производства, рабочий макаронного цеха, рабочий хлебозавода, лаборант, материальный бухгалтер, Оператор 1С, дефектолог, массажист, психолог, юрист, продавец-кассир, архитектор, учитель начальных классов, учителя разных предметов, кондитеры, технолог, парихмахер, логопед-дефектолог, швеи, повара, управляющий санаторием, продавцы-консультанты, торговые представители, оператор АГЗС и другие.  Сведения о вакансиях публикуются на портале электронной биржи труда (www.enbek.kz ). На сегодняшний день по городу Актобе на портале размещено 1019 вакансий. Ассоциацией деловых женщин г. Актобе иАктюбинской области был накрыт праздничный дастархан для женщин-участниц ярмарки.

Источник.@emergovkz

 

Просмотров: 159
Категория: 
АктобеИнфо