Долгожданный объект: в Актюбинской области сдан в эксплуатацию новый медицинский пункт

Көптен күткен нысан: Ақтөбе облысында жаңа медпункт пайдалануға берілді Жаңа нысан қазіргі заман талабына сай. Ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмек алуына барлық жағдай қаралған.  Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылындағы жаңа медициналық пункт Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жобаның құны – 237 млн.теңге.

«Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында Мәртөк ауылында екі бірдей нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі бүгін ашылды. Сіздерге құтты болсын. Жаңа нысанның ашылуы біріншіден, медициналық көмекті қолжетімді етеді, екіншіден, жаңа жұмыс орны»,- деп атап өтті нысанның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан. Жаңа ғимараттың ашылуына денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Тымпиев, Мәртөк ауданының әкімі М.Ысқақов та қатысты. Пункте әзірге бір медбике жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Мұнда тәулігіне 20 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Күндізгі стационар және физиотерапия кабинеттері тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ, олар скринингтен өтіп, екпе ала алады.  Бүгінде Аққайың ауылында 410 адам тұрады, басым бөлігі - аға буын өкілдері. 33 жылда заманауи әрі жаңа ғимаратқа қол жеткізген олар қуанып отыр. Ауыл тұрғындары медициналық көмекті ауылдық клуб ғимаратындағы арнайы бөлмеде алып келген.

«Ем керек болса, 35 шақырым жерде орналасқан ауылдық клубқа барып жүрдік. Енді міне, үйіміздің қасынан ашылып жатыр. Қажет деген дәрі-дәрмегімізді оңай әрі уақытылы алатын болдық. Өте қуаныштымыз. Ғимаратты салуға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін»,- деп ауыл ақсақалы Сәрсенбай Ермағамбетов  батасын берді.

Долгожданный объект: в Актюбинской области сдан в эксплуатацию новый медицинский пункт  Новый объект отвечает современным требованиям. Созданы все условия для получения сельчанами необходимой медицинской помощи. Новый медицинский пункт в селе Аккаин Мартукского района Актюбинской области построен в рамках пилотного Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», инициированного Главой государства. Стоимость проекта – 237 млн тенге.

«По поручению Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева в стране реализуется программа «Модернизация сельского здравоохранения». В ее рамках в Мартукском районе строятся два одинаковых объекта. Один из них был открыт сегодня. Я поздравляю всех с этим радостным событием. Открытие нового медпункта, во-первых, сделает более доступной медицинскую помощь, во-вторых, создаст новые рабочие места»,- сказал заместитель акима области Жолдас Батырхан, выступавший на торжественном открытии медпункта. В открытии также приняли участие руководитель управления здравоохранения Н.Тымпиев и аким Мартукского района М. Искаков. Сейчас в медпункте работает одна медсестра. В ближайшее время на постоянную работу будут трудоустроены еще 3 жителя села. Медпункт рассчитан на прием 20 человек в день. В нем также открыты дневной стационар и физиотерапевтические кабинеты, население сможет пройти скрининг-обследование и получать прививки. Сегодня в селе Аккаин проживает 410 человек, большинство из них – люди преклонного возраста. Они счастливы, что за 33 года получили новое медучреждение. Ранее жителям села оказывали медицинскую помощь в специально оборудованном помещении в здании сельского клуба.

«Когда мы нуждались в лечении, ходили за 35 километров в сельский клуб. Сейчас возле нашего дома открылся медпункт. Мы сможем вовремя получать необходимые нам лекарства. Конечно, мы очень счастливы. Хочу выразить благодарность всем людям, кто строил это здание»,- сказал старейшина села Сарсенбай Ермагамбетов.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 204
Категория: 
�����