Ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласы ПБ-ның «102» жедел басқару орталығына Асау-Барақ көшесінде екі белгісіз тұлға 21 жастағы жігітке күш көрсетіп, оның ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, 27 және 29 жастағы екі күдікті анықталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қаласы УҰИ-не қамалды.
Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.
ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің «Тонау» талаптарына сәйкес, күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.
В конце марта т.г. на телефон «102» ЦОУ УП г.Актобе поступило сообщение, о том что, двое неизвестных лиц по ул.Асау-Барака применив физическую силу открыто похитили сотовый телефон у 21-летнего парня.
Сотрудниками полиции в результате проведённых оперативных мероприятий установлены и задержаны двое подозреваемых 27 и 29 лет. Задержанные были водворены в ИВС УП г.Актобе.
Начато досудебное расследование по ст.191 ч.2 УК РК «Грабеж». Иные информации в рамках уголовного дела не подлежат к разглашению.
Согласно действующего законодательства подозреваемым грозит наказание в виде ограничения свободы на срок от трех до семи лет либо лишения свободы на тот же срок, с конфискацией имущества.