Единственному ветерану Великой Отечественной войны Василию Грецкому на День Победы подарили сертификат на проведение капитального ремонта его квартиры.

Соғыс ардагерінің пәтері жөнделеді  Ақтөбе облысындағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Василий Грецкийге Жеңіс күніне орай, оның пәтеріне күрделі жөндеу жүргізуді растайтын сертификат берілді.  Сертификатты табыстаған облыс әкімі Асхат Шахаров Василий Грецкийді Жеңіс күнімен құттықтады.

«Сізге тағзым ету құрмет. Біз ашық аспан мен жарқын болашақ сыйлаған Сіздерге әрқашан алғыс айтамыз, ризашылық білдіреміз»,- деп тілегін білдіргеннен кейін әкім ғасыр жасаған қарияға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Василий Иванович Грецкий Хромтау ауданында тұрады. Бүгін ол тұратын үйдің ауласына әскери қызметшілер, құқыққорғау органдарының, аудан әкімдігінің өкілдері, жергілікті тұрғындар жиналды. Оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындаса, мектеп оқушылары сап түзеп, ардагерге құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Қажымұқан Сатенов майдангерге ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтады.  Салтанатты шарада Василий Иванович көзіне жас алып, елімізге амандық, бейбіт өмір тіледі.

 

Ветерану войны отремонтируют квартиру    Единственному ветерану Великой Отечественной войны Василию Грецкому на День Победы подарили сертификат на проведение капитального ремонта его квартиры.      Вручая сертификат аким области поздравил Василия Грецкого с Днем Победы.   

«Низкий Вам поклон. Мы всегда будем благодарны Вам за мирное небо и светлое будущее», - сказал аким, зачитав после этого ветерану поздравительное письмо от Президента страны Касым-Жомарта Токаева со словами благодарности солдату войны. Василий Иванович Грецкий проживает в Хромтауском районе. 9 мая возле его дома собрались военнослужащие, представители правоохранительных органов, районного акимата, местные жители. Оркестр исполнил песни военных лет, а школьники, выстроившись в очередь, почтили ветерана.    На церемонии Василий Иванович со слезами на глазах пожелал мира и безопасности нашей стране.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 154
Категория: 
�����