Фонд Алидара Утемуратова передал 31 дом пострадавшим от паводков в Актюбинской области

Әлидар Өтемұратов қоры Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 31 үйді тапсырды  Ақтөбе облысының Темір, Ырғыз, Мұғалжар және Әйтеке би аудандарының көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары Әлидар Өтемұратовтың DAR Charity қоғамдық қорының қаражаты есебінен сатып алынған жаңа үйлердің кілттерін алды.

«28 наурызда Жем өзені тасып, соның салдарынан үйіміз суға кетіп қалған. Тұруға жарамсыз болып қалып еді. Содан осы DAR қорының қолдауымен бізге Қандыағаш қаласынан өз ойымыздағыдай қолайлы үй алып беріп жатыр. Көмек көрсетіп жатқанына көп-көп рахмет. Үй өте керемет, өзіміздің ойымыздағыдай, жарық, кең, жайлы үй таңдап алып беріп жатыр. Қорға осы көмек көрсетіп жатқан үшін алғысым шексіз. Алла қаласа, осыған көшіп келіп жатырмыз»,- деді Мұғалжар ауданы Шенгелші ауылының тұрғыны Болат Махамбетов.  Қор сатып алған тұрғын үйдің орташа ауданы шамамен 130 шаршы метрді құрайды, ең кішкентай үйдің ауданы - 70 шаршы метр, ал ең үлкені – 183 шаршы метр. Зардап шеккен тұрғындар жаңа тұрғын үй таңдау процесіне тікелей қатысты. Ең көп тұрғын үй Батпақкөл және Құмсай ауылдарында - сәйкесінше 6 және 5 үй сатып алынды. Барлығы 31 үй сатып алынды.

«Басында жаңадан үй салуға келісіп едім, бірақ кейіннен әкімдік осы Әйтеке би ауданынан үй сатып алуға, яғни дайын үй сатып алуға, екінші мүмкіндік берді»,- деп ойын бөлісті Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылының тұрғыны Саматбек Сақтағанов, - «Ризамын, үй өзімнің көңілімнен шығып тұр. Осыған байланысты көмек беріп жатқан аудан әкіміне, DAR қорына алғысымды білдіремін. Қуанышым шексіз. Қорқынышым қуанышқа ұласты. Арты осындай жақсылықпен аяқталып жатыр. Ризамын. Рахмет бәріне».

 Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында DAR Charity қоры Ақтөбе облысының су тасқыны салдарынан үйлері толығымен қираған тұрғындарына көмек көрсетуге 500 млн теңге бөлген болатын.

Фонд Алидара Утемуратова передал 31 дом пострадавшим от паводков в Актюбинской области  Жители Темирского, Иргизского, Мугалжарского и Айтекебийского районов Актюбинской области, пострадавшие от весенних паводков, получили ключи от новых домов, которые были приобретены за счет средств Общественного фонда Алидара Утемуратова DAR Charity.

«28 марта этого года река Жем вышла из берегов. Наш дом оказался подтоплен и стал непригоден к проживанию. Благодаря поддержке фонда DAR для нас был приобретен дом в городе Кандыагаш. Дом очень хороший, именно такой какой мы хотели – светлый, просторный, комфортный для проживания. Я бы хотел поблагодарить фонд за оказанную нам помощь. Мы надеемся, что совсем скоро сможем заселиться в наш новый дом»,- сказал Болат Махамбетов, житель села Шенгельшы Мугалжарского района.  Средняя площадь приобретенного фондом жилья составляет порядка 130 квадратных метров, при этом самый маленький дом имеет площадь 70 кв.м, а самый большой – 183 кв. м. Пострадавшие жители принимали непосредственное участие в процессе выбора нового жилья. Наибольшее количество жилья выкуплено в селах Батпакколь и Кумсай - 6 и 5 домов, соответственно. Всего был выкуплен 31 дом.

«Изначально я давал согласие на строительство дома, но впоследствии акимат предоставил нам второй вариант на выбор - покупку готового жилья в нашем районе»,- поделился Саматбек Сактаганов, житель села Т. Жургенова Айтекебийского района.

«Я воспользовался этой возможностью и сегодня нам купили дом. Я очень доволен. Выражаю огромную благодарность районному акимату и фонду DAR за оказанную помощь, наши переживания наконец-то закончились и обернулись большой радостью».

 Напомним, в апреле т.г. фонд DAR Charity направил 500 млн тенге на оказание помощи жителям Актюбинской области, чьи дома оказались полностью разрушенными в результате паводков.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 228
Категория: 
�����