Герои среди нас: чествование тех, кто боролся с метелью ради спасения жизней

Герои среди нас: чествование тех, кто боролся с метелью ради спасения жизней
 
Во время разгула непогоды, когда метель обрушилась на наш регион, они стали опорой и надеждой для тех, кто оказался в беде.
 
Аким Актюбинской области Асхат Шахаров выразил благодарность сотрудникам ДЧС, медицинским работникам, представителям коммунальных служб, полицейским, предпринимателям, и, конечно, тем самоотверженным добровольцам, протянувшим руку помощи незнакомым людям в эти сложные дни.
 
«Вчера Президент страны Касым-Жомарт Токаев поблагодарил тех, кто трудился при неблагоприятных погодных условиях, отметив, что к государственной награде была представлена группа людей, трудившихся сутки напролёт. Сегодня, к сожалению, не все герои смогли принять участие на церемонии награждения. Я поручил акимам районов и руководителей ведомств от моего имени поздравить отличившихся сотрудников, такой труд должен быть замечен и оценён по достоинству. Ваши поступки - истинный пример бескорыстного служения обществу и подлинного героизма. Благодаря вам люди, оставшиеся в тяжёлой ситуации, видели, что они не одни и что помощь всегда придёт в нужную минуту. Ваши усилия и решимость спасли жизни, вернули людям веру и дали уверенность в том, что даже в самые тяжелые времена рядом будут те, кто готов поддержать»,
- отметил глава региона на церемонии награждения.
 
Среди множества спасательных операций, проведенных во время метели, были истории, достойные особого внимания: эвакуация застрявших автомобилистов, доставка бесплатного продовольствия и медикаментов в отдаленные районы, обеспечение теплом, восстановление электролиний и поддержка тех, кто оказался отрезанным от внешнего мира.
 
«Спасибо вам за вашу службу, за вашу храбрость и за ваше сердце. Вы подняли планку ответственности и посвящения своему делу на новую высоту. Пусть ваш пример будет вдохновлять нас всех и напоминать о том, что вместе мы способны преодолеть любые трудности»,
- сказал Асхат Шахаров.
 
 В завершение церемонии награждения аким области сделал памятное фото со всеми награжденными лицами.

Қарлы боранда адам өмірі үшін күрескендер құрметке бөленді
 
Олар өңірде табиғат тосын мінез танытқан кезде күндіз-түні көз ілмей, еңбек етіп, халықтың қауіпсіздігін сақтауға бар күш-жігерін салды.
 
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ететін мамандар, кәсіпкерлер және өзге ел, өзге аймақтың азаматтарына қол ұшын созған еріктілерге риясыз алғысын жеткізді.
 
«Кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолайсыз ауа райында азаматтарға көмектесіп, тәулік бойы еңбек еткендерге алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылғанынын атап өтті. Өкінішке қарай, бүгінгі марапаттау шарасына барлық азамат қатыса алмай отыр. Дегенмен, менің атымнан аудандардың әкімдері мен ведомстволардың басшыларына осы табиғи құбылыс кезінде ерекшеленген қызметкерлерді құттықтауды тапсырдым, мұндай еңбек еленіп, бағалануы тиіс. Осында отырған әрбіріңіздің жасағандарыңыз – қоғамға риясыз қызмет етудің және шынайы батырлықтың, жанқиярлықтың үлгісі. Қиын жағдайға тап болған адамдар Сіздер арқылы өздерінің жалғыз еместігін, уақытылы көмек ала алатынына көз жеткізді. Күш-жігер, қабылдаған тиімді шешімдеріңіздің арқасында азаматтардың сіздерге деген сенімі артты»,
- деп атап өтті өңір басшысы.
 
Ақпанның ақтүтек бораны соққан күндері қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері қауіпсіз жерге көшірілді, шалғай елді мекендерге тегін азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді, жылумен қамтамасыз ету және электр желілерін қалпына келтіру және т. б. жұмыстар жасалды.
 
«Сын сағатта өз өміріңізді қатерге тігіп, көрсеткен батылдығыңыз, жоғары кәсіптік шеберлігіңіз бен атқарған адал қызметіңіз үшін рахмет. Болашақта ел үшін әлі де талай тың жұмыстарды атқаратынымызға, бірге  кез-келген қиындықты жеңе алатынымызға еш күмән жоқ. Жасаған игі істеріңіз әр адамға үлгі болады деп сенемін»,
- деді Асхат Шахаров.
 
Марапаттау шарасы соңында облыс әкімі барлық марапатталған жандармен естелік суретке түсті.

Источник.https://www.instagram.com/p/C3Srd3LNiQU/

Просмотров: 173
Категория: 
�����