Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді. Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады. Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті. Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады. Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.
Глава государства ознакомился с работой шахты «Болашак» в Хромтау Рабочая поездка Касым-Жомарта Токаева в Актюбинскую область началась с посещения шахты «Болашак», проектная мощность которой составляет 7,5 млн тонн хромовой руды в год. Глава государства был проинформирован о том, что на объекте будет создано 1800 рабочих мест с объемом привлеченных инвестиций более 1 трлн тенге. Как отметил председатель совета директоров Eurasian Resources Group Шухрат Ибрагимов, шахта «Болашак» является одним из крупнейших инвестиционных проектов группы ERG. Предприятие разрабатывает два месторождения – «Миллионное» и «Алмаз-Жемчужина». В процессе добычи используются передовые технологии и современное оборудование, в том числе интеллектуальная буровая установка с автоматическим режимом бурения, дистанционное управление с поверхности, а также полностью автоматизированная подъемная машина. По словам руководителя ERG, запуск шахты «Болашак» Донского горно-обогатительного комбината является историческим событием для горнодобывающей промышленности Казахстана.
Источник.t.me/aqorda_resmi