Глава региона Асхат Шахаров представил нового заместителя на заседании актива в связи с кадровыми изменениями

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды Өңір басшысы Асхат Шахаров кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңа орынбасарын таныстырды.  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша өңір басшысының өкімімен Жолдас Батырхан облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

«Жолдас Нұрланұлы Батырхан – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп келе жатқан білікті әрі тәжірибелі маман. Ақтөбе өңірінде бірқатар жыл еңбек етті. Аудан әкімі, білім басқармасының басшысы, одан кейін Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Өзіне жүктелген міндетті орындап, абыройлы жұмыс істеді деп ойлаймын. Жаңа қызметте ол ішкі саясат, мемлекеттік тіл және жастар саясаты, дін, мәдениет, білім және спорт мәселелеріне жетекшілік етеді. Білікті кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін»,- деді облыс басшысы.  Жолдас Батырхан 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары: 1998 жылы - Ақтөбе педагогикалық институтын, 2019 жылы – Қазақ-Орыс Халықаралық  университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Темір ауданының Сартоғай негізгі мектебінде бастады. Түрлі жылдары Темір ауданының №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің директоры; Темір ауданының Тасқопа ауылдық округінің, Шұбарши кенттік округінің әкімі, Темір аудандық білім бөлімінің бастығы, Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет еткен. 2015-2022 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы, Темір ауданының әкімі, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы болды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

«Сіз білдірген сенім үдесінен шығып, осы уақытқа дейін білім мен мен тәжірибені туып өскен өңірдің дамуына жұмсауға барымды саламын»,- деп жаңа облыс әкімінің орынбасары уәдесін берді.

Назначен заместитель акима области   Глава региона Асхат Шахаров представил нового заместителя на заседании актива в связи с кадровыми изменениями.    По согласованию с Администрацией Президента РК, распоряжением главы региона заместителем акима области назначен Жолдас Батырхан.  

«Жолдас Нурланович Батырхан – высококвалифицированный специалист, плодотворно работающий на государственной службе. Несколько лет работал в Актюбинской области. Был на должности акима района, руководителя управления образования, а затем заместителя председателя Комитета по охране прав детей Министерства просвещения. Я считаю, что он достойно выполнял свои обязанности на каждой руководящей должности. Здесь он будет курировать внутреннюю политику, развитие государственного языка и молодежную политику, вопросы религии, культуры, образования и спорта. Уверен, что он выполнит свою работу на профессиональном уровне»,- сказал глава региона.    Жолдас Батырхан родился в 1978 году. В 1998 году окончил Актюбинский педагогический институт, в 2019 году - Казахско-Русский Международный университет. Трудовую деятельность начал в 1998 году в Сартогайской основной школе Темирского района.   В разные годы работал директором Шубаркудыкской основной средней школы №6 Темирского района, акимом Таскопинского сельского округа Темирского района, акимом Шубаршийского поселкового округа, руководителем Темирского районного отдела образования.    С 2015 по 2022 год занимал должности заместителя акима Темирского района, руководителя управления по делам религии Актюбинской области, акима Темирского района, руководителя управления образования Актюбинской области. С января 2023 года - заместитель председателя Комитета по охране прав детей Министерства просвещения Казахстана.  

«Выражаю искреннюю благодарность за Ваше доверие. Обещаю, что сделаю все возможное, используя свои знания и опыт, для развития региона, где я родился и вырос»,- пообещал новый заместитель акима области.

Источникt.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 175
Категория: 
�����