Глава региона провел личный прием граждан

Өңір басшысы азаматтарды жеке қабылдады    Қабылдауға тұрғын үй, жер телімі, жұмысқа орналасу және әлеуметтік қолдау көрсету мен елді мекендерді абаттандыру мәселелерімен 18 азамат жүгінді.    Алғашқылардың бірі болып қабылдауға Мәртөк ауданының зейнеткері С.Елеусізов келді.

Ол былтыр қазан айында Қаратоғай ауылындағы электр сымдарындағы ақаудың салдарынан өртенген үйі туралы айтып, көмек сұрады. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға жағдайды жіті қарап, өтініш берушіге қолданыстағы заңнама аясында қажетті қолдау көрсетуді және тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды қарауды тапсырды.

 Өтініш білдірушілердің арасында аймақ басшысына тұрғын үй мәселесін айтып келген бірнеше тұрғын болды. Барлығы – ЖАО кезекте тұрған азаматтар.  Асхат Шахаров әрқайсысын зер сала тыңдап, баспаналар әр азаматқа заңға сай кезек бойынша қатаң түрде жүзеге асырылатынын түсіндірді.    Ал, ақтөбелік Ш.Тілепов жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.

Оның сұрағы тиісті жұмыспен қамту қызметтеріне жіберілді. Хромтаудан келген бір топ тұрғын пайдалануға берілмеген «Қазына Премиум» тұрғын үйі туралы мәселені көтерді. Өтініш иелері нысанның құрылыс жоспарын өзгертуге қатысты көмек сұрады. Бұл бойынша облыс әкімі бейінді қызметтерге жағдайды зерделеу және құқықтық баға беру туралы міндет қойды. Абаттандыру мәселесіне қатысты сұрақтар да назардан тыс қалған жоқ.

Әйтеке би ауданы Тұмабұлақ ауылының тұрғыны М.Уайсбаев ауылды газбен қамтамасыз ету және жолдардың жай-күйі туралы сұрақ көтерді. Сондай-ақ, Ш.Айманов көшесіндегі №21 үй тұрғындарының «Мекен-5 СК» ПИК жұмысына шағымы тыңдалды. Барлық өтініштер бойынша жауапты ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.

Облыс әкімі барлық өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатынын атап өтті.

Глава региона провел личный прием граждан    С вопросами предоставления жилья, земельного участка, оказания помощи в трудоустройстве и социальной поддержки, а также благоустройства населенных пунктов к акиму обратилось 18 заявителей.   Одним из первых на прием пришел пенсионер из Мартукского района С.Елеусизов.

Он рассказал о сгоревшем в октябре прошлого года доме в селе Каратогай из-за неисправной электропроводки и попросил помощи. Глава региона поручил ответственным лицам разобраться в ситуации на месте, оказать заявителю необходимую поддержку в рамках действующего законодательства и рассмотреть возможные меры по восстановлению утраченного жилья.

Сразу несколько жителей региона обратились к акиму области с просьбой решить их жилищный вопрос. Все они являются очередниками МИО.  Асхат Шахаров выслушал каждого и разъяснил, что предоставление жилья осуществляется строго в порядке очередности по мере ввода в эксплуатацию коммунального дома.    Актюбинец Ш.Тлепов обратился с просьбой о содействии в трудоустройстве.

Его вопрос был направлен в соответствующие службы занятости. Группа жителей Хромтау подняла вопрос о жилом доме «Казына Премиум», не введенном в эксплуатацию. Обратившиеся просили содействия в изменении строительного плана объекта. Аким поручил профильным службам изучить ситуацию и дать правовую оценку.

 Не остались без внимания и вопросы благоустройства.

Житель села Тумабулак Айтекебийского района М.Уайсбаев сообщил о проблемах с обеспечением села газом и состоянием дорог. Также была заслушана жалоба жильцов дома № 21 по улице Ш. Айманова на работу КСК «Мекен-5 СК». По всем обращениям даны соответствующие поручения профильным ведомствам.

 Аким области подчеркнул, что все обращения будут рассмотрены в соответствии с действующим законодательством.

Источник.@emergovkz

Просмотров: 108
Категория: 
АктобеИнфо